Роналду тағы да үздік атанды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Реал» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының аптадағы үздігі атанды.
Ол АПОЭЛ командасымен болған ойында екі гол соғып бір голдық пас берген болатын.
Дауыс беру қортындысында Роналду 43% дауыс жинаған.
Роналдудан кейінгі орында Неймар. Ол 28% дауыс жинаған.
8% дауыс жинаған Роберт Левандовски мен Эден Азар үздік үштіктен көрінді.
Естеріңізге салсақ, Роналдудың «Реалы» сырт алаңда АПОЭЛ клубын 0-6 есебімен жеңген. Осы жеңісінен соң «Реал» чемпиондар лигасының плэй-офф кезеңіне жолдама алды.