русский язык
Бокс/Күрес/ММА

Тұрсынғалиев соңғы екі аптада төртінші жеңісіне жетті

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, екі аптада төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіби шаршы алаңда жартылай жеңіл салмақта шығып жүрген қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев екінші аптада төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Тұрсынғалиев Мексикада өткен бокс кешінде жергілікті боксшыны бірінші раундта нокаутқа түсірген. Бірақ қарсыласының есімі әзірге белгісіз. 23 жастағы Тұрсынғалиев кәсіби рингке 10 қарашада алғаш рет шыққан болатын. Төрт күн өткеннен кейін рингке қайта шығады, ал үшінші кездесуін 16 қарашада өткізген. Қазақстандық боксшының барлық жекпе-жектері Мексикада өткен. Бірінші және екінші жекпе-жегін нокаутпен ұтса, үшіншіні бірауыздан қабылданған шешіммен жеңген.

Айта кетейік, BoxRe сайтындағы Тұрсынғалиев туралы мәліметте тек 16 қарашада өткен жекпе-жегі ғана көрсетілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;