Қысқы

ХОК өкіілі: Спорттық нысандар салынып біткен, Олимпиада ауылы дайын

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) оңтүстіккореялық Пхенчханды 2018 жылғы Олимпиада ойындарына толықтай дайын деп таныды. Бұл туралы ХОК ресми сайтында мәлім етілген.

«Спорттық нысандар салынып біткен, Олимпиада ауылы дайын, Олимпиада алауының эстафетасына бүкіл Оңтүстік Корея тұрғындары қызығушылық танытып жатыр. Бұл жарыс спортшылар үшін де, жанкүйерлер үшін де ұмытылмас оқиға болмақ», - деді ХОК үйлестіру комиссиясының төрағасы Гунилла Линдберг.

«Олимпиаданың басталуына 79 күн қалды, біз әлемді қарсы алуға дайынбыз», - деді 2018 жылғы Олимпиада ойындары ұйымдастыру комитетінің басшысы Ли Хи Бом. Еске сала кетсек, 2018 жылғы Олимпиада ойындары Пхенчханда 9-28 ақпан аралығында өтеді.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер