русский язык
Велоспорт

Нибали жалпы есепте тізгінді ұстады

Нибали жалпы есепте тізгінді ұстады

«Астаны» командасының шабандозы Винченцо Нибали «Вуэльта» көпкүндігінің бесінші күнінен кейін көш бастап тұр.

«Orica-GreenEdge» командасының австралиялық спортшысы Майкл Мэттьюс соңғы өткен кезеңде бірінші болып келді. Аргентиналық Максимилиано Рикезе мәре сызығын екінші кессе, «Lampre-Merida»-лық Джанни Меерсман үздік үштікті түйіндеді.

«Вуэльта». 5-ші кезең. Собер — Лаго де Санабрия, 174,3 км.

1. Майкл Мэттьюс (Австралия, «Orica-GreenEdge») — + 4:28:23
2. Максимилиано Рикезе (Аргентина, «Lampre-Merida»)
3. Джанни Меерсман (Бельгия, «Omega Pharma»)

Жалпы есеп.

1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — 18:43:52
2. Кристофер Хорнер (США, «RadioShack») — +0:03
3. Николас Роч (Ирландия, «Saxo-Tinkoff») — +0:08.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;