Футзал

Какау: Фавориттер ойында белгілі болады

Какау: Фавориттер ойында белгілі болады
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Prosports.kz тілшісіне команданың УЕФА Кубогының элиталық кезеңге дайындығы жайлы айтып берді.

«Ең алдымен «Дева» командасымен болатын ойын жайлы ойлаудамыз. Бұл - қауқарлы команда. Олар негізгі кезеңде «Араз» командасын жолдан тайдырды. Одан кейінгі кезекте «Брага» ұжымы. Олар өз кезегінде Португалия біріншілігінде «Бенфика» командасының алдын орап кетті. Ал «Интер» болса өз үйінде ойнайды. Оның үстіне олар аталмыш жүлденің қазіргі жеңімпаздары. Алайда мен әрқашан айтып жүретіндей: фавориттер тек ойында белгілі болады.
Барлығы біздің мықты тұстарымызды біледі. Игитаны жетік зерттеген. Сондықтан біз өзгеше ойнауға тырысамыз. Командада құлшыныс бар, бәсекелестік те жоқ емес, бір сөзбен айтқанда, біз дайынбыз. Біздің басты қарсыласымыз қатарында әлемнің үздік ойыншысы – Рикардинью ойнайды. Дегенмен менің командамда қорғанудың қас шеберлері Игита, Дуглас және Лео бар. Біздің қатарымыз сондай-ақ ЕУРО-2016 турнирінің қоласын еншілеген команданың негізгі ойыншыларымен жасақталған.
Егер ойыншылардың жағдайына тоқталатын болсақ, Дәурен Нұрғожин әлі де жарақатынан айыққан жоқ. Алайда, Серік Жаманқұлов жарақатынан жазылып өз қалпына келуде. Бұл – жақсы жаңалық. Эдуардо? Ия, ол біздің команданың жаңа ойыншысы. Мені оның командамен тез тіл табысып кеткендігі қуантады. Ол маған Жоанды есіме түсіреді. Мен ол ойыншыға сенім артам», - деді бразилиялық маман.

Естеріңізге сала кетсек, Элиталық кезең 23-26 қараша арасында Испанияның Торрехон-де- Ардос қаласында өтеді. Какау шәкірттерінің қарсыласы румыниялық «Дева», португалиялық «Брага» және УЕФА Кубогының қазіргі жеңімпазы испаниялық «Интер» болмақ.

Шешуші кезеңге әр топта үздік шыққан төрт команда шығады. Финалдық кездесулер 19-20 немесе 21-22 сәуірде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер