Бокс/Күрес/ММА

Головкин онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға сыйлық берді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Мехиконың «Моктесума» ауруханасында жатқан балалардың қалын біліп қайтты. Мұнымен қатар, спортшы оларға түрлі ойыншық сыйлады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аталған ауруханада жер сілкінісі салдарынан жарақаттанған балалар ғана емес, онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастар да жатыр. Отандасымыз оларға қолдау көрсетіп, түрлі сыйлық ұсынған екен. Мұнымен қатар, өзінің кішкене жанкүйерлеріне қолтаңба таратқан.

«Геннадий Головкин мен Маурисио Сүлеймен Мехикодағы онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға түрлі ойыншық сыйлады. Осы науқас балаларды емдеп, күтім жасап жүрген дәрігерлерге алғысымыз шексіз», - дейді Головкиннің промоутері Том Леффлер.

Жанкүйерлері 2018 жылы 5 мамырда Головкин Сауль Альвареспен тағы да бір кездесу өткізеді деп күтіп жүр. Букмекерлік кеңселер аталған кездесуге қатысты коэффициенттер ұсынып үлгерген: Головкиннің жеңісі – 1,752; Альварестің жеңісі – 2,13, тең түссе – 21.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер