Бокс/Күрес/ММА

Атырауда жекпе-жектен әлем чемпионаты өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Атырауда жекпе-жектен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спорт додасының ашылу салтанаты 1 желтоқсанда - Тұңғыш Президент күні өтеді. Бұл сайыс Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылған.

Облыстық Жекпе-жек федерациясының президенті Мадихан Бекпенбетов осы сайысқа 20 шақты алыс және жақын шет елдерден спортшылар келетінін мәлімдеді.

Сайыс 10 салмақ категориясы бойынша өтеді. Шақыртылған спортшылардан басқа, көрермендерге арнап эстрада және спорт жұлдыздарының қатысуымен шоу-бағдарлама даярлануда.

Атап өтетін жайт, бұндай сайыс Қазақстанда бұрын-соңды болмаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер