Футбол

«Қайраттан» тағы бір легионер кетті

«Қайраттан» тағы бір легионер кетті
news-banner7
mobile-news-top

Қос тараптың келісімі бойынша, «Қайрат» футбол клубы Сесар Арзомен қош айтысты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Футболшы клубқа 2016 жылдың шілдесінде ауысып, командамен бірге Қазақстан чемпионатының күміс жүлделерін, ел Кубогы мен Суперкубогын ұтып алған болатын. Алматылық клуб сапында Сесар 49 матч өткізіп, үш гол соқты.

«Қайрат» ФК Сесарға атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабында сәттілік тілейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер