русский язык
Бокс

Бейбіт Шуменов шаршы алаңға оралуда

Бейбіт Шуменов шаршы алаңға оралуда

Қазақстандық боксшы өзінің келесі белдесуін 24 қараша күні Қытайда PPV-шоу аясындағы Пакьяо мен Риос кездесу барысында өткізеді.

WBA орташа ауыр салмақтағы әлем чемпион 30-жасар қазақстандық Бейбіт Шуменов шаршы алаңға бір жарым жыл өткен соң қайта оралады. «Boxrec.com» хабарлауынша Бейбіттің қарсыласы 36-жасар словак Тамас Ковац болмақ. Жоспарланған белдесу Пакьяо мен Риос аясындағы кездесуі барысында өткізіледі. Кездесудің көрсетілімін HBO телеарнасы тарататын болады.

Естеріңізге сала кетсек, Шуменов өзінің соңғы кездесуін былтырғы жылы 2 маусымында Энрике Орнеласқа қарсы өткізіп өз чемпиондық атағын қорғаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;