Ой қорыту
Басқа

Қазақстандық спортшы анасынан теріс айналды

Қазақстандық спортшы анасынан теріс айналды
news-banner7
mobile-news-top

Astana Pro Team командасындағы велосипедшінің анасы ұлының өзінен теріс айналғанын айтып, жанайқайын жеткізді. Бұл туралы NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көкшетаулық Елизавета Шпак бұған дейін 22 жыл бірге некеде болған күйеуі үйінен қуып жібергенін айтып, жанайқайын жеткізген болатын. Әйел ендігі күйеуінен бөлек туған ұлы да өзінен теріс айналып, тастап кеткенін айтуда.

Елизавета "НеМолчи" қозғалысына жүгініп, көпшіліктен көмек сұрады.

"Қазақстандық чемпион Евгений Гидичтің анасы Astana Pro Team командасының басшылығынан көмек пен қолдау сұрайды", - деп жазған қозғалыстың өкілі Дина Смаилова.

"Сәуірде ұлым келіп, мен оны әңгімеге тарттым. Әкесімен ажырасып жатқанымды айтып, бәрін бейбіт жолмен шешуге қолғабыс етіп, әкесімен сөйлесуін сұрадым. Ол болса, "мен ешкімнің тарабын қолдамаймын, ешкіммен сөйлеспеймін, менің өз өмірім, жарыстарым бар, мансабымды ойлауым керек" деп жауап қатты. Ұлым әкесінің менімен қалай дөрекі болғанын, балағат сөздер жаудырғанын көрді емес пе?

Жазда өткен алғашқы сотта адвокат ұлымның шағымын көрсетті. Ұлым сондайды жазуы мүмкін екеніне сене алмадым... Күйеуім үй құлпын ауыстырып, мені далада қалдырғанда, бірінші болып ұлыма хабарластым. Ұлым Алматыда еді. Ол "Мама, менен не керек, уақытым жоқ, жарысым бар, өздерің шешіңдер" деді. Кейін екі апта бойы қайда, қалай тіршілік етіп жатқанымды да сұрап, хабарласпады", - деп күйінді әйел.

Елизавета бұл жайттан кейін ұлы бір ай бойы ғашығымен бірге тұрып, сонымен некесін қидырғанын айтуда. Анасы мұндай маңызды хабарды ұлы айтуға да жарымағанына қатты ренжіген. Әйел ұлының одан да сорақы әрекеттерге барғанын есіне алды.

"2014 жылы күйеуім қатты ішкілікке салынып, мені соққыға жыққасын, жалдамалы пәтерге кетуге мәжбүр болдым. Женя ол кезде шетелде еді. Күйеуім мен енем оларға айтпағанды айтып, менің өзге еркекке кетіп қалғаныма сендірген. Ұлым мен тұрып жатқан пәтерге келіп, тың тыңдайтын құрылғы орнатып кетіпті. Сол кезде бұған да шыдаған едім", - дейді Елизавета.

Әйел ұлының одан теріс айналып, әкесінің қасынан табылып жүргеніне ренжулі.

"Олар бірге аңшылыққа барып, бірге мейрамдарды өткізеді, ал маған, тіпті қоңырау шалған емес. Женя менің үш жерде жұмыс істеп, түні бойы киім тоқитынымды, үйге көмір алып, адвокаттың ақшасын төлеуім керектігін, науқас әжесіне дәрілер алуым керектігін жақсы біле тұра, анасына көмектесуді жөн санамайды. "Мама, сізге көмек керек пе, ақшадан қысылмадыңыз ба? Қайда тұрып, қайда түнеп жатырсыз?" деген сұрақтарды естіген емеспін", - деп күйінішін жеткізді Елизавета.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер