Басқа

Үш қазақстандық марафоншы арасындағы Азия чемпионатына қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Марфонннан 2017 жылғы Азия чемпионаты 26 қараша күні Қытайдың Донггуан қаласында өтеді.

Құрлық біріншілігіне 15 елдің спортшылары қатысады екен. Ұйымдастырушылар таратқан мәліметке сәйкес 22 ер, 15 әйел марафоншы беріп үлгерген. Олардың арасында үш қазақстандық бар.

Донггуанда Алексей Гусаров (Алматы), Дана Айдосова (Алматы) және Гүлжанат Жанатбек (Алматы облысы) өнер көрсетеді. Негізі басында Әмір Байтуқановта қатыспақшы болған. Алайда жарақатына байланысты құрлық біріншілігінен бас тартып отыр.

Алматылық Алексей Гусаров пен Дана Айдосова бапкері Сорокивскиймен бірге Ыстықкөлде екі оқу-жаттығу жиынын өткізді. Ал Гүлжанат Жанатбек ресейлік маман Лилия Шобуханың қарамағында дайындалды.

Осы үшеуінің арасында марафонға жүгіруден тек Гүлжанаттың ғана тәжірибесі бар. Гусаров бұған дейін орта қашықтыққа жүгіруден өнер көрсеткен, Айдосова, тіпті, спорттық жүріске мамандаған атлет. Бірақ жақында екеуі де ұзақ қашықтыққа жүгіруді таңдады.

Айта кетейік, марафоннан Азия чемпионатынан бірінші орын келген спортшыға 10 мың, екінші орынға 5 мың, үшінші орынға 3 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалған.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер