Criminals
Басқа

Еркін Ізбасар сот алдында жауап берді

Еркін Ізбасар сот алдында жауап берді
news-banner7
mobile-news-top

Ақтөбеде қылмыстық топтың серкесіне қатысты соттың алдын ала тыңдау процессі басталды. Осы күнге дейін іске қатысы бар 26 адам жауапқа тартылған, деп хабарлайды BNews.kz.

Олардың барлығы мұнай өнімдерін заңсыз сақтап, саудалап, тасымалдағаны үшін айыпталуда. Басты фигурант - «Төрт ағайынды» деген ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Еркін Ізбасар. Сот тыңдауында ол не себепті ұсталғанын білмейтінін айтты. «Мен абақатыда бір жыл отырмын, не үшін екені белгісіз», - деді Ізбасар.

Еске сала кетейік, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді. Ал кейінірек мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілген болатын. Мәлімет бойынша, Еркін Ізбасар спортшыларға үнемі қолдау көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық жасаған.

Фото: BNews және Wrestdag.ru сайттарынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер