Бокс/Күрес/ММА

«Найман» Хамитов «Қызық TIMES» бағдарламасында «көз арбасты»

«Найман» Хамитов «Қызық TIMES» бағдарламасында «көз арбасты»
news-banner7
mobile-news-top

Аралас жекпе-жектен қазақстандық белгілі спортшы Қуат Хамитов "Найман" "Хабар" телеарнасындағы "Қызық TIMES" бағдарламасының қонағы болды.

Айта кетейік, бағдарлама 19 қарашада көрсетілді. Жүргізушілер Марат Оралғазин мен Мырзабек Еркебұлан спортшыдан Флойд Мейвезер - Конор МакГрегор жекпе-жегінде кімге жанкүйер болғаны және танымал боксшылардың қайсысымен жекпе-жек өткізгісі келетіні жайлы сұрақ қойылды.

Сондай-ақ, студияда арнайы жаттығу құрылғысында әлем чемпионының соққысы тексерілді. Ал бағдарлама соңында спортшы жүргізушілердің бірімен "көз арбасуға" келісті.

Айта кетейік, Қуат Хамитов 26 қарашада Алматыдағы "Алматы Аренада" өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді.

Түпнұсқасы: tengrinews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер