Футбол

Бородюк: Дамудың басты талабы – бәсекелестік

Бородюк: Дамудың басты талабы – бәсекелестік
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Футбол Федерациясының бас бапкері Александр Бородюк арнайы «Men’s Health Kazakhstan» үшін ӘЧ-2018 іріктеу кезеңін қорытындылап, еліміздің футболындағы мәселелер туралы ой бөлісті.

- Александр Генрихович, бірінші кезекте сізбен бапкердің командадағы рөлі туралы сөйлескім келеді. Оның мүмкіндігі шектеулі ме? Мысалы, ойыншылармен жеке жұмыс кезінде немесе ойын стилі таңдау барысында? Әлде барлығы футболшылардың деңгейіні байланысты ма?

- Футболшылар үшін сияқты. Бапкер бір командаға келіп өзін көрсете алады, ал басқа ұжымда жоқ. Әркез әртүрлі.

2017 жылдың басында 2020 жыл туралы

- Кез келген командада ойнап кете алатын футболшылар бар ма?

- Әрине. Ондайда біз үздік ойыншылар туралы айтамыз. Мысалы, Роналду мен Месси кез келген жерде ойнап кете алады. Тепе-теңдік болуы керек. Барлығы бапкерге, ойыншыларға және басшыларға байланысты. Осылар сәйкес келу керек.

- Жақсы жұмыс үшін футбол бапкеріне қандай қасиет қажет? Ол өз-өзіне сенімді болуы керек шығар?

- Әрине. Барлығы бірден бола қалмайды. Бірақ не болса да, ойыншыларға өзіңе деген сенім ұялата білуің керек және өзің де табысқа жететініңе сенімді болуың қажет. Жақында Анчелотти басшылықтың сенімі керек деп еді. Әзірге маған сенеді, сол үшін федерацияға ризамын.

- ҚФФ тарапынан сенімге тоқталсақ. Жыл басында келісімшартқа қол қоймас бұрын қандай мақсаттар қойылды? Сіз Қаныш Әубәкіровпен (ҚФФ Бас хатшысы) жан-жақты әңгімелескеніңіз туралы айтқан едіңіз. Нақты не талқыладыңыздар? Әрине, Сізден ешкім Әлем чемпионатына шығаруды талап етпесе де, қандай да бір талаптар қойған шығар?

- Кез келген саланың басты талабы – нәтиже. Бірақ біз бірінші кезекте Ұлттық құраманы жаңарту туралы сөйлескен едік. Бұл қиын мәселе. Басты талап – жаңа мықты командаға тіреу бола алатын жас ойыншыларды тауып, құрама сапына қосу. Ерекше атап өтейін, клубта мұндай жұмыстар күнделікті түрде істеледі, ал Ұлттық құрамада мұндай мақсатқа жету қиынырақ. Құрамадан 5-6 ойыншы алып тастасаң, барлығы қирауы мүмкін.

- Сізді Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырған себеп...?

- Бірінші кезекте, жаңа кезеңде сапалы ойын мен жақсы нәтиже көрсететін команда құру.

- 2017 жылдың ақпан айында Еуро-2020 туралы айтылды ма?

Иә.

- Сіздің ойыңызша, Қазақстан футболының ең күрделі үш мәселесі қандай?

Біріншісі – инфрақұрылым. Алматы мен Астанада керемет, Ақтөбеде жақсы стадион. Қалған жерде жақсы деп айта алмаймын.

Екіншіден, тіпті оны бірінші орынға да қоюға болатын шығар, ол – дайындық жүйесі. «Қайрат» сияқты академиялар көп болған сайын, футбол деңгейі де жоғарылайды. Мен Қазақстанда футболмен айналысқысы келетін кішкентай талантты балалар жоқ екеніне сенгім келмейді. Олар келіп жаттығатын академиялар болуы керек. Жеке инвесторлар пайда болғаны да жақсы, бірақ ондайлар әзірге жоқ. Сондықтан бұл шаруаны мемлекет қолға алуы қажет. Мен мемлекеттік-жеке әріптестік туралы айтып отырмын.

Үшінші мәселе айтылған екеуінен шығады. Жанкүйерді футболға тартатын, бәсеке толы чемпионат қажет. Қазір чемпиондық атаққа екі-ақ команда таласады. Егер сондай тағы 7-8 клуб пайда болса, көптеген жас футболшылар Ұлттық құрамаға тартылады.

65-ші минуттан бастап шаршаймыз

- Сіз басқа елден келген бапкер ретінде Қазақстанның дайындық мектебі неге осындай деңгейде екенін айта аласыз ба?

- Бұл тек Қазақстанға ғана қатысты емес, ол барлық посткеңестік аймақтағы елдерге тән. КСРО тарағаннан кейін әлемнің үздік мектептерінің бірі де құрдымға кетті. Посткеңестік елдердің біреуі де Әлем чемпионатына іріктеліп алынбады. Қираған нәрсені қалыпқа келтіруге көп уақыт керек. Жаңа футбол ұрпағын тәрбиелеуге 15 жыл кетеді. Біз 2-3 ұрпақ жоғалтып алдық.

- Сізге жауап беру оңайға түспес, дегенмен Қазақстан Ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 6 ойында 3-15 доп айырмасымен бір-ақ қана ұпай жинады. Не дұрыс болмады?

- Ақталғандай болмайын, бірақ біздің топта мықты әрі деңгейлес командалар болды. Одан да топта бір мықты команда болып, қалғандары біздің құрама деңгейінде болғаны жақсы еді. Егер біз 2 кездесуде жеңіске жеткенде, ұпайымыз да көп болып, көңіл-күйімізде басқаша болушы еді.

- Сіз қазір тек қарсыластар туралы айтып жатырсыз...

- Біз құраманы бір ретке келтіре алмадық, алайда қазір оның қандай болатынын анық білемін. Ойыншылардың жарақаттары мен дисквалификациялар қолымызды байлап тастаған еді. Ондай жағдайлар кез келген командада болады, бірақ кей позицияларда керек футболшылар мүлдем жетіспеді. Ұлттық құрама бас бапкерінің басты мақсаты – тұрақты команда жинау. Мысалы, мен үшін орталық шепте «Қайрат» ойыншылары ойнауы керек. Яғни команданы өз клубтарында өзін жақсы көрсете білген бөліктерден құрау қажет. Мұны жүзеге асыру қиын, себебі әркез бір мәселе шығып қалатын.

Айта кетейін, біз қазіргі таңда арнайы ғылыми қызметкерлердің көмегімен ойыншылардан медициналық сынақтар алдық. Бірінші кезекте, лактатқа байланысты тест алдық. Бұл әр ойыншының потенциалын білуге көмектеседі. Бұл тест қиын жаттығудан кейін футболшы қаншалықты тез қалыпқа келе алатынын көрсетеді. Алынған сынақтар нәтижесі жуық арада белгілі болады. Сол кезде біздің ойыншылар неге 65-ші минуттан кейін шаршай бастайтынын білетін боламыз. Қай футболшы бұдан да артық не кем ойнай алатынын да білеміз. Осыған қоса, біз әр футболшының өкпе көлемін өлшедік. Осының барлығы құрамды анықтағанда және әр ойыншымен жеке жаттығу істегенде көмектеседі.

- Қай матчта Қазақстан құрамасының ойынына барынша риза болдыңыз?

- Алматыда Даниямен ойнаған кезде. Ол кездегі жақсы ойынның басты себебі ретінде матчқа тыңғылықты дайындығымызды айтар едім. Әдетте командамен ойынға 2-3 күн бұрын жиналатынбыз, ал сол кезде Талғарда 5 күн жаттығу жасадық. Еуропаның мықты чемпионаттарында доп тебетін ойыншыларға лайықты футбол көрсеттік. Қызыл қағазға дейін бізде доп иелік ету көрсеткіші 67 пайыз болды.

Армениядағы кездесу де ұнады. Онда командамыз, әсіресе, бірінші таймда сапалы ойын көрсетті. Өкінішке қарай, екі матчты да алаңнан ойыншымыз қуылды.

Ойындарды Алматы мен Астанаға бөлу

- Ұлттық құрамаға қай жерде дайындалған қолайлы? Алматы ма, Астана ма?

- Әрине, Алматыда. Бұл жерде арнайы жаттығу базасы бар. Алайда барлығы ауа райына байланысты. Ал Астанада жыл бойы доп тебе беруге болады.

- Қарсыластарымызға қай жерде ойнаған ыңғайсыз? Астананың жасанды төсенішінде, әлде Алматының тауында ма?

- Мен өзім ойыншы болған кезде, Алматыда ойнау өте қиын еді. Астанадағы стадионның шатыры жабылып-ашылу себебінен басымдық сол қалаға беріледі.

- Біз сізбен қарашаның орта тұсында сұхбаттасып отырмыз. Алматыда ауа райын ашық алаңда футбол ойнауға жақсы. Не болса да Алматыда жылына бір ойыннан көп кездесу өткізуге бірнеше себеп бар. Бұл командаға жақсы әсер етіп, футболды дамытуға көмектеседі деп айта аласыз ба?

- Футболды дамыту үшін Қазақстанның барлық аймағында кездесулер ұйымдастыруға болушы еді, бірақ ФИФА мен УЕФА талаптарына тек екі-ақ стадион сай келеді. Өз алаңымызда өткізетін матчтарды осы екі қала арасында дұрыс үйлестірсек. Ең жақсы шешім сол болады. Маған өзіме Алматыда ойнаған өте ұнады. Ал Данияға жеңіліп қалғанымызға қарамастан, жігіттерге тік тұрып шапалақтағандары үшін жанкүйерлерге алғыс айтамын. Ондай көп кездесе бермейді.

- Сіз «Спорт-Экспресске» берген сұхбатыңызда «техникалық тұрғыдан ойыншылар жаман емес» депсіз. Менің ойыма бірден біздің шабуылшылардың техникалық дайындығы туралы ой келеді. Шыны керек, олардың олар «голды топырлатып соғып жатыр» деп айта алмаймыз. Қазақстанның мықты клубтарында көбінесе шетелдік шабуылшылар доп тебеді.

- Тағы айтайын, Қазақстан құрамасындағы жігіттердің дайындығы жақсы, бірақ бар сұрақ қандай жылдамдықта... Англия мен Германия чемпионаттарында ойнайтын футболшылар барлығын кішкене болса да тезірек істейді. Ал футболда сол секундтар көп нәрсе шешеді. Біз тағы футболшыларды дайындау мектебіне келіп тоқталдық. Алайда қазірдің өзінде бізде Мұртазаев пен Тұрысбек сияқты жақсы шабуылшылар пайда болып жатыр деп есептеймін. Мұндай жаста көп ойнап, Еуропаның мықты чемпионаттарына талпыну қажет.

Лимит – жаман, бірақ онсыз болмайды

- Сіз легионерлер лимиті жаман нәрсе екеніне келісесіз бе?

- Толық келісемін. Дамудың басты талабы – бәсекелестік. Қазақстанның жас талантты футболшысы шетелдік ойыншымен тең дәрежеде бәсекелесіп, құрама сапына ілінсе, бұл керемет. Ал егер оны лимит бойынша қоятын болса, әрине соншалықты даму болмайды. Бірақ қазіргі таңда лимитті мүлдем алып тастауға болмайды, әйтпесе барлығы құрдымға кетеді!

- Кете берсін. Мүкін қазір болмаса да біраз жылдан кейін жаңа ұрпақ пайда болып, шетелдіктермен бәсекелесе алады?

- Сізге 3-4 жыл бойы жеңіліп отыруға кім мүмкіндік береді? Бапкерге еш нәтижеге қарамай, нақты бағадарламамен 4 жыл жұмыс істеуге уақыт та мүмкіндік бермейді. Ондай өте сирек. Бапкерден дәл қазір талап етеді! Мұны біз емес, атқарушы комитеттер шешу керек. Барлығы жан-жақты саралануы қажет. Қазақстанның ойыншылары ойын практикасынан ажырап қалмауы тиіс. Меніңше, қазіргі кез үшін 10-15 лимиті (команда сапындағы 25 футболшының 10-ы легионер, құрамаға 11 мықты шығады) жақсы нұсқа.

- Данияға қарсы матчтағы қызыл қағазға қайта оралайық. Біреу Бауыржан Исламхан лимиттің салдарынан дамуын тоқтатты дейді, кейбіреуі «Қайрат» басшылығы оған тым жақсы көзқараста деп есептейді. Осыдан кейін қызыл қағаздар да пайда болады. Сіз не ойлайсыз?

- Исламханның қызыл қағазы – ойында болған сәт. Бұл бассыздық емес, бұл – эмоция. Исламханға айып таға алмаймын, ол Премьер-Лигадағы ең креативті ойыншылардың бірі. Соңғы ойындарда ол бізге жетіспеді. Ол өзінің негізгі ойыншы екенін біледі және түсінеді. Мен оған тек жаттығуларға, өзіне және командаға одан көп жауапкершілікпен қарауды ұсынамын. Ол өзін Еуропада сынап көруі қажет.

- Қазіргі лимит жағдайында оны кім жібереді?

Иә, барлығы солай. Бірақ мүмкін емес нәрсе жоқ.

- Соңғы төрт жыл бойы «Астана» чемпионатта «Қайраттан» жоғары тұрады. Мұның сыры неде?

- Ештеңе айта алмаймын.

- Қазақстан Ұлттық құрамасының жолдастық кездесулер саны мен қарсыластары сізді ұнай ма? Неге Ресей Аргентинамен күш сынасады, ал біздікілер өзінің жастар құрамасымен ойнайды?

- Біз жастар құрамасымен жай ғана ойын өткізе салдық деп айтуға болмас. Біз кең ауқымды селекциялық жұмыс өткіздік. Жалпы, медициналық тесттерге байланысты өткізілген селекциялық жиынды ұйымдастырған үшін федерация алғыс айтамын.

- Егер сізде таңдау болса: жастар құрамасымен оқу-жаттығу жиыны немесе Аргентинаға қарсы жолдастық кездесу?

Әрине, мен екеуін де таңдаушы едім.

- Тек біреуін таңдауға болады десе ше?

- Қараңыздар, Қазақстан футбол федерациясы келесі жылдың бірінші жарты жылдығының өзінде біз үшін 4 жолдастық кездесу (2 – наурызда, 2 – маусымда) ұйымдастыру үшін барын салып жатыр. Қарсыластарымыз Еуропа мен Азияның мықты командалары болмақ. Біз өз және сырт алаңда ойын өткізуіміз мүмкін. Мұның барлығы қаңтар айында өтетін Ұлттар Лигасының жеребесіне байланысты. Сонымен қатар, маусым басында, ақпан айында жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап қойдық. Мені осы жұмыс көлемі, жолдастық кездесулер саны және қарсыластар деңгейі қанағаттандырады.

- Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары жолдастық кездесу өткізуі мүмкін бе?

- Келіссөздер жүргізіліп жатыр. Федерация келесі жылы ФИФА-ның ресми даталарында Қазақстан Ұлттық құрамасы спарринг-матчтар өткізуі үшін бар күшін салатынына сенімдімін.

- Ұлттар Лигасы – еуропалық жарыстардың жаңа форматы. ҚФФ президенті Сейілда Байшақов бұл Еуропа чемпионатына жолдама ұтып алу үшін жақсы мүмкіндік дейді. Сіз не ойлайсыз?

- Жеребеден кейін біз үшін ыңғайлы ойындар күнтізбесін жасап, басқа федерацияларға есе жібермеуіміз керек.

- Бұл Қазақстан үшін УЕФА Еуропа чемпионатында ойнауға мүмкіндік беретін керемет мүмкіндік қой?

- Иә! Мұндай мүмкіндік әлі болған емес. Бұл УЕФА тарапынан жасалған өте жақсы өзгерістер.

- Жолдастық кездесулер мен ақпан айындағы жиын өткізесіздер. Осы 2018 жылғы Ұлттар Лигасына дайындалуға жеткілікті ме?

Маған команданың әр оқу-жаттығу жиыны кем дегенде 5-6 күннен жалғасқаны керек.

*Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтынан алынды
Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер