Қысқы

Анна Шевченко Финляндияда екінші орында

Анна Шевченко Финляндияда екінші орында
news-banner7
mobile-news-top
Финляндияның Саариселькя қаласында өтіп жатқан лицензиялық шаңғы жарысында Анна Шевченко екінші орын алды.
Ол 10 шақырым қашықтықты 28 минут 20 секундта еңсерді. Бірінші орын франциялық Каролина Томас Хагтың еншісінде. Үшінші орында да франциялық спортшы Аврора Жан. Айта кетейік, екі күн бұрын Анна Шевченко 5 шақырым қашықтықта үшінші орын алған болатын.
Ерлер арасында Денис Волотка жоғары нәтижені көрсетті, 15 шақырымдық қашықтықта ол 7 орынға табан тіреген.
Естеріңізге салайық, 14-20 қараша аралығында Финляндияның Саариселькя қаласында шаңғы жарысынан лицензиялық кезеңдер өтуде.
Олимпиадаға жолдама алған спортшылар тізімі келесі жылдың 20 қаңтарында белгілі болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер