«Құпия» ақпарат
Футбол

Украиналық клуб Патрик Твумасиді сатып алмақ

Украиналық клуб Патрик Твумасиді сатып алмақ
news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Астана» клубының шабуылшысы жуық арада Украина біріншілігінде өнер көрсететін «Динамо» клубының сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы footballtransfer.ru порталы хабарлайды.

23 жастағы шабуылшыны «Динамо» клубының басшылығы командада көргісі келеді екен. Твумаси киевтік команданың жарақат алып қалған шабуылшысы Артем Кравцтың орнын басуы әбден ықтимал.

Айта кетейік, Патрик Твумаси 2013 жылы ауысып келген болатын. Сол маусымда ол елордалық клуб сапында 11 ойын өткізіп, 6 гол соқты. 2014 жылдың бірінші бөлігін Ресейдің «Амкар» клубында өткізіп, маусымның ортасында «Астана» сапына қайта оралған.

Өткен аптада шабуылшы «Астана» клубымен келісімшартын 2019 жылғы маусымның соңына дейін созған еді.

Түпнұсқасы: footballtransfer.ru Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер