русский язык
Футбол

«Шахтер» - Еуропа лигасында!

«Шахтер» - Еуропа лигасында!

Чемпиондар лигасының есігін қаққан қарағандылық «Шахтерді» шотландиялық «Селтик» жібермеді. Өте ауыр өткен матчта жерлестеріміз 3:0 есебімен жеңіліс тапты.

Алғашқы 15 минутта тоқтаусыз шабуылдаған «Селтик» отандастарымызды қыспаққа алды. Қарағандылықтар сасып қалған. 5-ші минутта Люстиг Коммонстың айып алаңына асырып берген добын баспен дәл маңдайша астына бағыттаған, Мокин дер кезінде шыға белді қақпадан. Қонақтартар ала сұра алға ұмтылғанда Хижниченко алыстан соққы жасап, Форстерді бір тексеріп көрді. Кейін Стоукс пен Люстиг жауап ретінде тағы бірнеше қауіпті соқы жасаған. Алайда Мокин тамаша ойын көрсетіп командасын бірнеше рет құтқарды.

Бұлайша «Шахтерге» гол соға алмайтынын түсінген келттер ойын жылдамдығын бәсеңдетіп доп ұстауға кірісті. «Селтик» қос қапталын іске қосып орташа пастарын жүргізе бастады. Браун мен Самарас ойын ережесін көп бұзды. Бірінші таймның соңында шотландиялықтар бірден алға ұмтылып нәтижесін шығарды. Самарас орта шепте доппен ойқастап Коммонсқа берді, соңғысы допты тоқтатып алып көп ойланбастан жойқын соққымен қақпа торын бүлк еткізді. Бұл 46 минут болатын.

Екінші тайм басталысымен алаң қожайындары шабуылға кірісті. Сансыз көп бұрыштама берген «Селтикке» бірде сәттілік жетіспесе, бірде қорғаушыларымыздың ұзын бойлары кедергі болды. Осындай сәттердің бірінді Гюстиг қақпаға қиыс теуіп доп Самарасқа жетті. Грекиялық шабулшы бір түрткімен допты тоқтатып алып екіншісімен қақпаға бағыттады. 2:0.

Кеншілер абдырып қалмады. Қос тарап та соққы алмасуға тырысты. Ойынның 60-шы минуттарында екі команданы да «құдай сақтады» – бірінші Стокстың тепкен добы  «Шахтер» қақпасының бағанасынан қайтса, артынша Вичюстің аутынан кейін қақпа алдындағы қарбаласта доп маңдайшаға тиді.

Жеңімпаз қосымша уақытта анықтатын шығар деп отырған барша жұрт. Себебі ойыншылардың қатты шаршап ауыр қимылдай бастағаны байқалды. «Жығылған күреске таймас» демекші, алаң қожайындары тағы қамшы басты соңына таман. Қосымша уақытта Стокс үш бірдей қорғаушының арасынан емін-еркін өтіп ашық тұрған Форрестке пас береді. Джеймс қуана—қуана допты Мокин қақпасына аттандырды – 3:0.

 «Селтик» діттегенінен жетіп Чемпиондар лигасына жолдама алды. «Шахтер» болса жеңілгеніне қарамастан Еурокубок додасының топтық кезеңіне өткен бірінші қазақстандық команда атымен тарихқа енбек. Кеншілер Еуропа лигасында!

Чемпиондар лигасы. 4-ші іріктеу кезең.

«Селтик»-«Шахтер» - 3:0 (1:0)

ГолдарКоммонс 45, Самарас 48, Форрест 90.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;