Басқа

Семсерлесуші Руслан Құрбанов қола медаль жеңіп алды

news-banner7
mobile-news-top

Италияда өткен семсерлесу спорты бойынша жыл сайынғы дәстүрлі 42-ші «Trofeo Carroccio» турнирінде ел намысын қорғаған спортшы Руслан Құрбанов қола медаль жеңіп алды.

Руслан турнир чемпионы венгриялық Андраз Редлиге жартылай финалда есе жіберген болатын. Оның алдында француз Александра Бардэнэ 15:14; ирандық Мохаммед Резай Тади 15:13; кореялық спортшыны 15:13; жапондық Ямада Масаруды 14:11 есебімен тізе бүктірген болатын. Бұл Русланның Әлем кубогы кезеңіндегі жекелей сын бойынша алып отырған алғашқы медалі.

Айта кетейік, Руслан Құрбанов болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшы. Ол Азия чемпионатының алтын медалін, Татарстанда өткен универисданың күмісін иеленген. Ерлер арасында өткен әлемдік біріншілікте 1/8 финалға дейін жетіп, 215 спортшының арасынан 14 орынға тұрақтады. Қазір Руслан әлемдік рейтингтің 16-шы орнында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер