Қысқы

Элизабет Тұрсынбаева үздік бестіктің қатарына енді

Элизабет Тұрсынбаева  үздік бестіктің қатарына енді
news-banner7
mobile-news-top

Францияның Гренобль қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан Гран-придің бесінші кезеңінде әйелдер арасында жүлдегерлердің есімі белгілі болды. Өкінішке орай қазақ қызы Элизабет Тұрсынбаева жұлделі орынға сынық сүйем жетпей қалды. Қос сайыстың қортындысында Тұрсынбаева бесінші орыннан көрінді.

Ресейліктер Алина Загитова (213,80 балл) мен Мария Сотскова (208,78) алғашқы екі орынды иеленсе, канадалық Кейтлин Осмонд (206,77) үздік үштікті түйіндеді. Бұлардың үшеуі де Гран-при финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Қысқа және еркін бағдарламадан кейін Элизабет Тұрсынбаева 200,98ұпай жинады

Айта кетейік, мұның алдында Минскіде өткен Челленджер турнирінде Элизабет топ жарып, алтын жүлдені иеленген болатын. Э.Тұрсынбаева үшін басты мақсат алдағы жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсету екендігі белгілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер