SoccerMan
Футбол

Мадридтік дерби. Кім жеңеді

Мадридтік дерби. Кім жеңеді
news-banner7
mobile-news-top

Сенбілік кеште футбол жанкүйерлерін Мадридте қызықты матч күтіп тұр. «Атлетико» ел чемпионы, «ата-жауы» «Реалды» қабылдайды. Кім жеңуі мүмкін?

Испания Ла Лигасы. 12-ші тур

«Атлетико Мадрид» - «Реал Мадрид» 19.11.2017 01:45

Биылғы маусымда «Реалдың» қарқыны баяу. Команда қажет емес матчтарда жеңіліп қалды. «Барселонаны» да сегіз ұпайға жіберіп алды. Енді сол қателіктердің есесін қайтару қажет. Әйтпесе, бәрі кеш болады. «Атлетико» да биыл тұрақсыз ойнап жүр. Диего Симеоне шәкірттері соңғы рет бір матчта екі голды қыркүйекте соққан. Содан бері тоғыз ойын өткізіп, сол матчтарда көп дегенде бір гол ғана сала алыпты. Соңғы тоғыз матчта – жеті гол. Оның екеуін ғана ұтып, біреуінде ұтылған. Қалған алты ойында қарсыласымен тең түсті. Яғни, «Реалдың» көрсеткіші мұнымен салыстырғанда жаман емес. Оның үстіне, бүгін Варан мен Карвахаль ойнауы ықтимал. Сондықтан, мен бұл ойында қонақтар жеңіске жетеді деп ойлаймын.

Бәс: «Реал Мадрид» жеңеді – 2.3 коэффицент

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер