русский язык
Футбол

ҚПЛ ойыншыларының жалақылары белгілі болды

ҚПЛ ойыншыларының жалақылары белгілі болды
Қазақстандық футбол клубтарының ішінде  ең жоғарғы жалақы шымкенттік «Ордабасы» клубының ойыншыларына тиесілі. Бұл туралы Kapital.kz сайты мәлімдеді. Әр ойыншы айына 1,17 миллион теңге алады.  Алайда, бұл команда ойыншылар құрамы бойынша ең төменгі сатыда,  85 адамнан тұрады.
 
Ең төменгі жалақы  қостанайлық «Тобыл» командасына тиесілі. Айына - 190 мың теңге.  Ал ойыншылар құрамы ең көп, 209 адамнан тұратын алматылық «Қайрат» клубы футболшыларының айлық жалақысы - 950 мың теңгені құрайды.
 
Kapital.kz сайтының мәлімдеуінше, соңғы екі жылда қарағандылық Шахтер» клубы ойыншыларының жалақысы екі есеге өскен.  2012 жылы команданың орташа жалақысы - 613,5 мың теңгені құрады.
 
 «Ақтөбе» ойыншыларының былтырғы жылғы орташа жалақысы - 989,8 мың теңге.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;