Бокс

Golden Boy Альварестің келесі кездесуінің мерзімін айтты

Golden Boy Альварестің келесі кездесуінің мерзімін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Геннадий Головкин (370-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында екінші жекпе-жек өткізу үшін қос тарап әлі де келіссөз жүргізуде. boxingscene.com сайтының хабарлауынша келісімге қол қойылса кездесу 5-мамыр күні өтетін болады.

«Канелоның келесі кездесуі 2018-жылдың 5-мамырында Синко де Майода өтеді. Бұл күн сенбіге түсіп тұр. Біз кездесуді ертерек өткізуді ойлағанбыз. Алайда, Альвареске бұл ойымыз ұнамады. Оның қалауы - Синко де Майо», - деді Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес.

Естріңізге саклсақ, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы кездесу төрешілердің шешімімен тең аяқталған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер