Бокс/Күрес/ММА

Родригоны бірінші раундта құлату кажет еді - Әшімовтің бапкері

Родригоны бірінші раундта құлату кажет еді - Әшімовтің бапкері
news-banner7
mobile-news-top

Ресей астанасы Мәскеу қаласында аралас жекпе-жектен өткен M-1 Challenge 85 турнирінде қазақстандық спортшы Арман Әшімов (6-2-1) бразилиялық Эрвани Родриго Серра Мелониоға (16-2) қарсы жекпе-жек өткізді.

Кездесудің алғашқы кезеңінде Арман Әшімов қарсыласын нокаутқа түсіріп, айқын жеңіске жетті. Жекпе-жекке дайындықтың қалай өткені, Арманның алдына қандай жоспар қойылғаны және келесі кездесуі қашан өтетіні жайлы спортшының бапкері Нұрлан Аманқұлов айтып берді.

- Жекпе-жекке дайындық қалай өтті?

- М1 Global тұжырымы бойынша ММА федерациясының қолдауымен екі кезеңнен тұратын оқу жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Алғашқы кезең қыркүйекен, екіншісі қазан айында өткен. Арман жарыс алдында Еңбекшіқазақ ауданындағы спорт базасында дайындығын пысықтады.

- Арман алға қойылған жоспарды қаншалықты дұрыс орындады?

- Арман жарыс алдында Семейде өткен джиу-джитсу комбат спортынан Қазақстан чемпионатына қатысты. 3-4 қазан күндері өткен ел біріншілігінде Арман 62 келі салмаққа дейінгі дәрежеде бақ сынап, топ жарды. Осы жарыста оның дайындығы қандай дәрежеде екенін тексердік. Жекпе-жекке қойылған мақсатты қаншалықты орындағанын өздеріңіз көрген боларсыздар.

- Арманның қарсыласы Родриго Мелонио қаншалықты төтеп бере алды?

- Родриго он алты жекпе-жек өткізген. Ол тәжірибелі спортшы. Өздеріңіз білесіздер, Бразилияда джиу-джитсу мықты дамыған. Ол күш қолданатын спорт түрлерінен бірнеше жарыста топ жарған. Арман күреспей, барынша көбірек жұдырықтасу керек болды. Соның арқасында Арман қарсыласын құлатып, есеңгіретіп тастады. Родриго бірінші раундта ұтылып қалғанына қарап көп жанкүйерлер оны әлсіз деп ойлап қалды. Алайда олар қателеседі. Біз Родригоны әбден зерттедік. Жоспар бойынша бірінші раунда құлату керек болды. Әйтпегенде жағдай қиын болатын еді.

- Арман Әшімов келесі жекпе-жегін қашан өткізеді?

- Жоспар бойынша Арман келесі жылдың қаңтар не ақпан айларында жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы әзірге белгісіз. Ал қараша айының соңында Атырау қаласында әлем біріншілігі өтеді. Сол турнирде Арман 57 келі салмақта бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер