Футбол

Әлем чемпионатына қатысатын барлық құрамалар анықталды

Әлем чемпионатына қатысатын барлық құрамалар анықталды
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылы Ресейде футболдан әлем чемпионаты жалауын желбіретпек.

Айта кететін жайт, Әлем чемпионатында 32 команда өнер көрсетеді. Дүбірлі додаға іріктеу кезеңнен сүрінбей өткен құрамалардың тізімін ұсынамыз.

Еуропадан - Германия, Дания, Англия, Польша, Бельгия, Испания, Исландия, Португалия, Швеция, Сербия, Швейцария, Франция және Хорватия құрамалары.

Оңтүстік Америкадан - Бразилия, Перу, Колумбия, Аргентина және Уругвай құрамалары.

Азия елдерінен - Иран, Сауд Арабиясы, Жапония, Австралия және Оңтүстік Корея құрамалары.

Африка құрлығынан - Тунис, Марокко, Мысыр, Нигерия және Сенегал құрамалары.

Солтүстік Америкадан - Коста-Рика, Панама және Мексика құрамалары.

Естеріңізге салайық, әлем біріншілігі 15 маусымы мен 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласының 12 стадионында, ал жеребе тарту рәсімі 1 желтоқсан күні Мәскеуде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер