Баскетбол

Алматы жеткіншіктері NBA жұлдыздарымен жаттығуға мүмкіндік алды

news-banner7
mobile-news-top

Жания Әубәкірованың авторлық мектебінде Ұлттық Баскетбол Федерация президенті мен Қазақстандағы АҚШ елшісінің қатысуымен Лига драфты өтті.

Америка ұлттық баскетбол қауымдастығының жеткіншектер лигасы (NBA) Ұлттық Баскетбол Федерациясымен және АҚШ елшісімен бірігіп, NBA 2017-2018 жеткіншектер лигасының басталуын хабарлады.

Драфт атты шараға (NBA-ның жаңа баскетболшыларды іріктеу рәсімі жыл сайын өткізіледі) еліміздегі АҚШ елшілігінің қолдауымен NBA ойыншысы Владимир Радманович және WNBA баскетболшысы (әйелдер ұлттық қауымдастығы) – Тадж Макуильямс-Франклин қатысты.

- Бірінші рет Қазақстанға келіп отырмын, маған барлығы ұнады, әсіресе, адамдар. Олар бірдей емес, соншама ұлттардың бір елде ынтымақта тұруы мен үшін таңғаларлықтай жайт. Бүгін шеберлік сабаққа келген жасөспірімдер жастарына қарамастан өте дарынды. Ең бастысы, олардың баскетбол ойнауға деген ынталары зор. Қазақстанда баскетболды дамыту үшін балалардан бастау керек, - деп атап өтті WNBA ойыншысы Тадж Макуильямс-Франклин.

Әлемдік баскетбол жұлдыздарын көруге келген балалардың санын атап өтпеу мүмкін емес. Олар автограф алу үшін кезекке тұрып, осы спорт түрі шеберлерімен естелік суретке түсті. Енді жас қазақстандық спортшылар NBA-дің лицензиялық формасымен ойнайтын болады.

- Мен де Қазақстанға бірінші рет келудемін, Алматы, Астана және Атырау қалаларын көріп үлгердік. NBA Junior бағдарламасы аясында біз баскетболға балалар мен жасөспірімдерді қызықтырып, халықаралық командалармен таныстырамыз. Балалардың деңгейінен, Қазақстанда баскетболдың танымал емес екендігін байқауға болады. Бірақ, біз мұны өзгертуге тырысамыз, - деп бөлісті NBA ойыншысы Владимир Радманович.

Айта кетер жайт, драфт шарасының қатысушылары балалар мен студенттерге арналған шеберлік сабақтарын Алматы, Астана және Атырау қалаларында өткізуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер