Ой қорыту
Футбол

«Қайраттың» футболшысы «Реалдың» ойыншыларынан көп жалақы алады

«Қайраттың» футболшысы «Реалдың» ойыншыларынан көп жалақы алады
news-banner7
mobile-news-top

Санаулы күндер бұрын алматылық «Қайрат» клубының ойынышсы Жерар Гоудың жалақысы жария болды.

Жерар Гоу мансабында ивуарлық «ЖК Абиджан», марокколық «Хассани Агадир», швейцариялық «Ксамакс», түркиялық «Денизлиспор» мен «Кайсери Эрджиесспор» және ресейлік «Краснодар» командаларында өнер көрсеткен. Кот-д’Ивуар Олимпиадалық құрамасында 5 ойын өткізіп, 3 гол соққан.

Алматылық «Қайратқа» 2014 жылдың жазында ауысып келген. «Кайсери Эрджиесспор» клубының сапында Түркия бірінші лигасында топ жарған. Қазақстан Премьер-лигасының күміс және қола жүлдегері. Қазақстан кубогының екі дүркін және суперкубогының жеңімпазы. Марокко мен Қазақстан чемпионатының, Түркия бірінші лигасының үздік сұрмергені атанған. 2015 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының үздік ойыншысы.

Африкалық Jeune Afrique журналының мәлімдеуінше Жерар Гоу жылына 2 миллион евро жалақы (Айына 165 000 еуро) алады екен. Бұл қосымша сыйақыларды қоса есептемегенде. Әрине, отандық командалар үшін бұл жалақа тым үлкен. Футболсүйер қауымның да біраз таңғалғаны бар. Басым көпшілігі «Қайраттың» «қара маржаны» мұндай жалақы алуға лайықты емес деген пікірде. Осыған қарап, қазақстандық футболшылардың неге шетел аспайтынын, ал Еуропа мен Африканың ортаңқол ойыншылары неге біздің біріншілікке қызығатынын аңғаруға болады.

Назарларыңызға Жерар Гоу мен әлемдік деңгейде танымал клубтарда өнер көрсететін футболшылардың жалақыларын ұсынамыз:

Аты командасы азаматтығы жасы жалақысы, £
Жерар Гоу Қайрат Кот-д’Ивуар 28 165 000
Лукас Васкес Реал Мадрид Испания 26 120 000
Марко Асенсио Реал Мадрид Испания 21 40 000
Дивок Ориги Ливерпуль Бельгия 22 100 000
Даниэль Карвахаль Реал Мадрид Испания 25 140 000
Квадво Асамоа Ювентус Гана 28 135 000
Бэн Дэвис Тоттенхэм Уэльс 24 120 000
Чиро Иммобиле Лацио Италия 27 165 000
Луиш Нету Зенит Португалия 29 165 000

*кестеде футболшылардың 2016/2017 жылғы маусымда алған жалақылары көрсетілген

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер