русский язык
Велоспорт

Вуэльта. Рош екінші кезеңде топ жарды

Вуэльта. Рош екінші кезеңде топ жарды
Ирландық Николас Рош (Saxo-Tinkoff) испандық Вуэльта көпкүндігінің екінші кезіңінде жеңіске жетті. Қызыл жейдені жалпы есептегі көшбасшы «Астаналық» Винченцо Нибали киді. 
 
Екінші кезең таулы жолда өрбіді. Мәреге бір шақырым қалғанда спортшылар бірінші болуға ұмтылды. Аса белсенділік танытқан чехиялық Леопольд Кениг пен Николас Роштың (Saxo-Tinkoff) қатарына, Даниэль Морено (Катюша) және Доменико Поццовиво (Ag2r La Mondiale) қосылды. Төрт шабондоз арасынан Рош жекедара суырылып шықты. 
 
Ертең шабандоздар жазық жолда жарысады. Мамандардың айтуынша, үшінші кезеңде әлем чемпионы Филип Жильбердің жеңіске жету мүмкіндігі зор.
 
Екінші кезең нәтижелері:
 
1. Николас Рош (Ирландия - Saxo-Tinkoff) 4:37:09
2. Даниэль Морено (Испания - Катюша) +0:02
3. Доменико Поццовиво (Италия - Ag2r La Mondiale) +0:06
 
4. Леопольд Кёниг (Чехия - NetApp-Endura) +0:11
5. Алехандро Вальверде (Испания - Movistar) +0:12
6. Диего Улисси (Италия - Lampre-Merida) 
7. Хоаким Родригес (Испания - Катюша)
8. Иван Бассо (Италия - Cannondale) +0:14
9. Бок Моллема (Нидерланды - Belkin)
10. Ригоберто Уран (Колумбия - Team Sky)
 
Жалпы есептегі нәтиже:
 
1. Винченцо Нибали (Италия - Астана) 5:07:22
2. Николас Рош (Ирландия - Saxo-Tinkoff) +0:08
3. Аймар Зубельдия (Испания - RadioShack-Leopard) +0:10
 
4. Кристофер Хорнер (АҚШ - RadioShack-Leopard)
5. Роберт Кизерловски (Хорватия - RadioShack-Leopard)
6. Ригоберто Уран (Колумбия - Team Sky) +0:22
7. Бен Херманс (Бельгия - RadioShack-Leopard) +0:27
8. Алехандро Вальверде (Испания - Movistar) 
9. Рафаль Майка (Польша - Saxo-Tinkoff) +0:32
10. Роман Кройцигер (Чехия - Saxo-Tinkoff)
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;