Баскетбол

Алматыда баскетболдан NBA ойыншылары шеберлік сабағын өткізеді

news-banner7
mobile-news-top

Қарашаның 11-і күні, Жания Әубәкірованың авторлық мектебінде Ұлттық Баскетбол Федерация президенті мен Қазақстандағы АҚШ елшісінің қатысуымен Лига драфты өтеді.

Америка ұлттық баскетбол қауымдастығының жеткіншектер лигасы (NBA) Ұлттық Баскетбол Федерациясымен және АҚШ елшісімен бірігіп, NBA 2017-2018 жеткіншектер лигасының басталуын хабарлайды.

Драфт атты шараға (NBA-ның жаңа баскетболшыларды іріктеу рәсімі жыл сайын өткізіледі) еліміздегі АҚШ елшілігінің қолдауымен NBA ойыншысы Владимир Радманович және WNBA баскетболшысы (әйелдер ұлттық қауымдастығы) – Тадж Макуильямс-Франклин қатысатын болады.

Өткізу орны: Жания Әубәкірованың авторлық мектебі (Қарасай батыр, 140)

Басталуы: сағат: 15:00

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер