русский язык
Футбол

«Ақтөбе» алматылық «Қайратты» жеңді

«Ақтөбе» алматылық «Қайратты» жеңді

Қазақстан премьер-лигасының 24-ші тур аясындағы соңғы кездесуде «Қайрат» қонақта «Ақтөбеге» есе жіберді.

Алғашқы тайм ортасында Гурман өз алаңында қателік жіберіп Гейнрих гол соқты. Бірінші тайм «Ақтөбе» жеңісімен аяқталды. Қос тайм басталысымен «Қайрат» ойыншылары алдыға белсене түсті. Алайда бұл ешқандай нәтиже бермеді. Ойын бітерге 13 минут қалғанда Кападзе айып соққымен есепті 2:0-ге жеткізді.

Айтагерлік жәйт, «Қайрат» он бір ойын қатарымен жеңілмеген болатын, ал «Ақтөбе» болса осы жеңістен кейін премьер-лига кестесін бастап келеді.

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 24-ші тур.

«Ақтөбе»-«Қайрат» - 2:0 (1:0)

Голдар: Гейнрих 21, Кападзе 77

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;