SoccerMan
Футбол

ӘЧ-2018. Електік матчтарға болжам

ӘЧ-2018. Електік матчтарға болжам
news-banner7
mobile-news-top

Алдағы бірнеше күнде ұлттық құрамалар 2018 жылғы әлем чемпионатына берілер соңғы жолдамаларға таласады. Бүгін екі матч қана бар екен. Болжам жасап көрейік.

ӘЧ-2018. Еуропа. Електік матч

Солүстік Ирландия – Швейцария 10.11.2017 01:45

Ирландиялық ұжымның қорғанысы мығым. Іріктеу кезеңіндегі 10 матчта 6 гол жіберген. Оның бес голын Германияға қарсы қос матчта және біреуін соңғы (маңызды емес ойын), Норвегияға қарсы ойында жіберген. Швейцария да қара жаяу емес, іріктеуде бір рет қана ұтылды. Сондықтан, Солтүстік Ирландияда өтетін матчта тең ойын күтемін.

Бәс: Матч тоталы (1-ден) көп – 1.21 кэф

ӘЧ-2018. Еуропа. Електік матч

Хорватия – Грекия 10.11.2017 01:45

Өз басым, әлем чемпионатында хорваттарды көргім келеді. Модрич, Ракитич, Манджукич бастаған жігіттердің келесі жылы Ресейге баруы тиіс. Ол үшін гректерден айласын асыруы қажет.

Сондай-ақ, бұл ойында хорваттардан көп шабуыл күтемін. Сондықтан, алаң иелері көбірек бұрыштама доп көтеруі керек.

Бәс: Хорватияның жеңісі – 1.44 кэф

Бәс: Бұрыштама. Хорватияның жеңісі – 1.29 кэф

Жалпы коэффицент: 2.25

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер