Бокс/Күрес/ММА

Джейкобс Головкиннен неге жеңіліп қалғанын айтты

Джейкобс Головкиннен неге жеңіліп қалғанын айтты
news-banner7
mobile-news-top

WBA нұсқасы бойынша орта салмақта бұрынғы «тұрақты» әлем чемпионы Дэниэл Джейкобс енді Геннадий Головкинмен шаршы алаңға шығатын болса, оны ұтатынына сенімді екенін айтты. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі жазды.

Америкалық спортшының айтуынша, бірінші кездесудің өзінде ол жеңіске жету үшін тиісті қадамдар жасағанын, алайда төрешілер басқа шешім шығарған.

«Мен екі раунд басымдықпен алда тұрғанымды сездім, бірақ төрешілер қалай шешсе, солай болды. Головкин мықты панчер, ал төрешілер агрессивті боксшыларды жақсы көреді. Бұл менің «ұр да, өзіңді ұрғызба» деген ұстанымыма қайшы келеді. Менің дәл соққыны көбірек жасағаным туралы айтылды(144-126). Боксшы ретінде мен басым болдым, бірақ менен гөрі көбірек джеб жасаған Головкинге басымды иемін(105-32). Жоқ дегеннің өзінде тең нәтиже болуы керек еді. Жекпе-жекке барыңды салсаң да, төрешілердің ойдағыдай шешім шығармайтыны өкінішті. Бұл жекпе-жек 50 де 50 болды, қарымта жекпе-жекте мен жүз пайыз жеңемін. GGG-ді нокаутқа жіберу қиын, алайда менің жылдамдық жөнінен басымдыққа ие екенімді біз біліп алдық. Маған басталған бетте қарқынды қимылдау керек. Егер мен бірден бастырмалатып, нық тұрып және оның джебтерінің дәлдігін азайтқанымда қазылардың шешімімен жеңіске жетер едім», - дейді Premierboxingchampions.com-ға берген сұхбатында Дэниэл Джейкобс.

Еске сала кетейік, Головкин-Джейкобс кездесуінде төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер