русский язык
Футбол

Нил Леннон: «Топтық кезеңде ойнағымыз келеді»

Нил Леннон: «Топтық кезеңде ойнағымыз келеді»
 
«Селтиктің» бас бапкері Нил Леннон жеңілістен кейін де топтық кезеңге өтуге үмітті. 
 
Шотландиялықтар жеңілістен кейін көктен түскендей. Былтырғы Чемпиондар лигасында «Барселонаны» жеңген «Селтик» «Шахтерді» оңай ұтамыз деп ойлады. Алайда, ойдағыдай болмады. Десек те, Нил бапкер әліде жеңістен үмітті.
 
«Топтық кезеңге шығу үшін бар жанымызды саламыз. Қазіргі басты мақсатымыз сол», -  деді Леннон Daily Record-қа берген сұхбатында.
 
Кельттер сапында бірнеше жарақат алған ойыншылары бар екен. Георгиос Самарас, Джеймс Форрест және Дерк Бурригер сондай-ақ Энтони Стоукс пен Крисс Коммонстың қарымта матчқа қатысуы белгіссіз.
 
Естеріңізге сала кетсек, алғашқы кездесу 2:0 есебімен «Шахтердің» пайдасына шешілген. Қарымта ойын Глазгода 28 тамыз күні өтеді. Ойынды КТК телеарнасынан көре аласыздар.
 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;