Волейбол

Амангелді Сұлтанов: Алматы еліміздің волейбол орталығына айналуы керек

news-banner7
mobile-news-top

2016 жылдың соңында «Алматы» волейбол клубы жетекшілер мен бапкерлер құрамын толықтай жаңартты. Жаңа басшылық команданы «Буревестник-Алматыға» өзгертіп, кезінде әйгілі болған атауды қайта жаңғыртты. Ал оның бапкері «Буревестниктің» бұрынғы ойыншысы, КСРО чемпионы, Еуропа Кубогының екі дүркін жеңімпазы Амангелді Сұлтанов тағайындалған болатын. Ақпараттық және спорттық хаб тілшісіне берген сұхбатында алматылық ұжымның бас бапкері клуб жаңалықтары, еліміздегі волейболдың дамуы және жаңа ұрпақ туралы айтып берді.

- Клуб жайлы айтып және соңғы жаңалықтарымен бөліссеңіз?

Біз команда құрамын толықтай өзгерттік. Өткен маусымдағы тәжірибиелі ойыншылар өз орындарын босатты. Оған себеп болған, тиімді әрі табысты ұсыныстар. Қазіргі таңда, волейболшыларда клубтық патриотизм деген жоқ. Ал шет елдерден тәжірибиелі ойыншыларды шақыру да пайдасыз, өйткені олар бір жылдан кейін тиімдірек ұсыныстарды қабылдап, кете береді. Мысал келтіретін болсақ, ойыншылар арасында сауалнама жүргіздім: «команда жеңіске жетті, ал сен спортшы ретінде өзіңді көрсете алмадың немесе командаң жеңілді, ал сен жеке үздік ойыншы атандың», сонымен, басым бөлігі екінші жағдайды таңдады. Бұрынғы ойыншылардың жасы үлкен, олардың алаңда команда үшін бірігіп, беріліп бәстесуін күтудің маңызы жоқ. Ал жастар болса, шеберліктері шыңдап, еңбек етуге дайын, жеңіске деген ынталары зор. Қазір біздің клуб құрамы келешегі бар волейболшылардан тұрады. Қазақстан құрамасындағы ойыншылар, алматылықтар – Виталий Эрдштейн, Сергей Кузнецов и Михаил Устиновты, сонымен қатар, Өзбекстаннан келген жас спортшыны да толықтырдық.

- Жаңа ойыншылардың орташа жастары қандай, және де олар қалай іріктелді?

Біз жас әрі дарынды, жұмыс істеуге дайын спортшыларды таңдадық. Әр волейболшы командасы мен ойың бірегейлігі жайлы ойлау керек. Олар 21-22 жас шамасында. Клубта бір тәжірибиелі, жасы үлкен волейболшы бар, командада мұндай ойыншылар да болу керек деп ойлаймын.

- Осы уақыт аралығында команда қандай нәтиже көрсетіп үлгерді, жетістіктері бар ма?

Олардың тәжірибиелері аз, бірақ бірер жылдан соң еліміздің жетекші ойыншылары болады деген үміттеміз. Жақында Қазақстан Кубогында бақ сынадық. Нәтижелеріміз жаман емес, үшінші орынды иелендік. Бірақ, барлығының жеңіске жеткісі келеді, біз де барымызды салып, чемпион атануға тырысамыз.

- Сіз елімізде волейболшылар, бапкерлер аз, олардың патриоттық сезімі жоқ, ойлайтыны ақша деп атап өттіңіз, ал сіздер волейболды елге танытып, жастарды патриоттық сезімге баулуға қандай үлестеріңізді қоса аласыздар?

Балалар арасындағы волейболды дамыту қажет. Біз қаланың түрлі аудандарында тоғыз мектепті таңдап, барлық қалаушылар үшін волейбол бөлімдерін аштық. Дене шынықтыру мұғалімдері балаларды қосымша уақытта жаттықтырады. Олар жалпы физикалық дайындық пен волейболдың негізгі әдістерін үйретеді. «Буревестник» біріншілігін мектеп оқушылары арасында өткізу жоспарда бар. Осы жарыс нәтижесінде үздік ойыншылар іріктеліп, оларды кәсіби түрде дайындайтын боламыз. Бапкерлердің басты тапсырмасы жақсы іріктеу өткізу, сонда ғана олардың және балалардың атқарылған жұмыстары көрінетін болады.

- Осы маусымдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

Клуб ел біріншілігіне қатысып, жеңіске жетеді деген ойдамыз. Жақында Павлодар қаласында атанамыз. Ел біріншілігінде үздік атанамыз деген ойдамыз. Өкінішке орай, жетекші ойыншымыз Виталий Эрдштейн жарақаттанып қалды, бірақ бұл спорт, ондай жағдайлар болып тұрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер