русский язык
Футбол

«Ақтөбе» киевтік «Динамоға» сүрінді

«Ақтөбе» киевтік «Динамоға» сүрінді

Еуропа лигасының плей офф кезеңін алғашқы кездесуінде «Ақтөбе» өз алаңда «Динамодан» 3:2 есебімен жеңілді.

Ярмоленко 16 минутта есепті ашса, 20 минуттан соң Генрих жасаған соққыдан кейін қарсыластардың қорғаушысы Тремулинас өз қақпасына гол соқты. Бірінші тайм тең есеппен аяқталды.

Қос тайм біз үшін нашар басталды.Идейе, жартылай қорғаушы Дудудын керемет пасынан кейін бірге-бір шығып Сидельниковты алдап өтіп, бос қақпаға гол соқты 1:2. Бірнеше уақыттан соң маррокандық жас жұлдыз Беланда есепті 1:3 жеткізді. Жалпы есепті Хайруллин әдемі соққымен қорытындылады. Есеп 2:3.  

Еуропа Лигасы. Іріктеу плей-офф кезеңі. Алғашқы кездесу.

«Ақтөбе» - «Динамо» (Киев) 2:3 (1:1)

Голдар: Ярмоленко 16 (0:1) Тремулинас автогол 37 (1:1), Идейе 52 (1:2), Беланда 57 (1:3), Хайруллин 66 (2:3)

Ескерту алғандар: Мулдаров 68, Праймус 75, Логвиненко 80, Сидельников 80 — Аруна 33, Драгович 49, Ленс 76, Беланда 80

«Актөбе»: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Арзуманян, Логвиненко, Харабара (Праймус 60), Хайруллин, Ковальчук (Лисенков 60), Кападзе, Давыдов (Тағыберген 86), Гейнрих

«Динамо» Киев: Шовковский, Драгович, Вида, Тремулинас, Хачериди, Вукоевич, Ярмоленко (Гусев 67), Аруна, Беланда, Дуду (Ленс 52), Идейе

Бас төреші: Алексей Кулбаков (Белорус)

22 тамыз. Ақтөбе. «Қобыланды батыр» стадионы.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;