Волейбол

ШҚО-ның «Алтай» волейбол командасы Қазақстан кубогын жеңіп алды

news-banner7
mobile-news-top

Өскеменде әйелдер арасында волейболдан өткен Қазақстан Республикасы кубогында шығысқазақстандық «Алтай» командасы жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Алтай» «Ертіс-Қазхром» командасымен ақтық сында кездесіп, ойын 5 сетке дейін созылды. Тартысты бәсеке соңында 2:3 есебімен жеңіске жеткен «Алтай» ойыншылары Қазақстан Кубогының иегері атанды. Жеңімпаз команданы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов құттықтады.

«Сіздерді Қазақстан Республикасы Кубогы ойындарының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Болашақта «Алтай» командасын әлем чемпионатында көргіміз келеді», - деді Даниал Ахметов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер