Басқа

IAAF-тың ресми порталында Ольга Рыпакова туралы мақала жарық көрді

IAAF-тың ресми порталында Ольга Рыпакова туралы мақала жарық көрді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF)өзінің ресми порталында қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова туралы мақала жарық көрді.

Мақала 29 қазан күні порталдың басты бетіне шықты. Авторы ­– Стив Ланделлс. Мақаланың ағылшын тіліндегі нұсқасы «That moment when… Rypakova switched from heptathlon to triple jump» деп аталады.

Ланделлс өз мақаласында Ольганың жетісайыстан үш қарғып секіруге қалай ауысқанынан бастап жазады. Рыпакова спорттық карьерасын негізгінен жетісайыстан бастаған. Мысалы, 2006 жылы Катар астанасы Дохада өткен Азия ойындарында жетісайыстан чемпион болған. Кейіннен жеке бапкерінің шешімімен үш қарғып секіруге ауысты. Бұл қадамы сәтті болып, үш бірдей Олимпиада ойындарының жүлдесіне ие болды.

«Жетісайыстан 2002 жылы 20 жасқа дейін спортшылар арасында әлем чемпионатында күміс медаль, 2006 жылы Дохадағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алдым. Алайда әлемдік аренада жоғары жетістіктерге аса қатты мүмкіндігім көп емес екенін түсіндім. Сондықтан секіру сайысына ауысуға тура келді. Жеке бапкерім әрі әкем Сергей Алексеев екеуіміз 2007 жылы алдымен ұзындыққа секіруге дайындалдық. Алайда аяқ астынан сол кезде командаға ұзындыққа секірумен қатар үш қарғып секіруден де көмегім керек болды. Бір таңқалғаным, екі аптадан кейін 14,05 метрге секірдім. Ал екінші жарысымда яғни Амманда өткен Азия чемпионатында Қазақстан рекордын жаңарттым. Көрсеткішім – 14,69 метр болды», ­ – дейді тілшіге берген сұхбатында Ольга Рыпакова.

«Мені әкем жаттықтырды. Екеуіміз үш қарғып секірудің барлық детальдарын зерттедік. Бақытыма орай, көпсайыстағы тәжірибем үш қарғып секіруге тез бейімделуге өз көмегін тигізді. Ең қиыны – арқа және тізеден алатын жарақат. Алайда кейіннен үш қарғып секірудің артықшылығы мен кемшілігін толық зерттей алдым. Өзіме сенімділігім арта бастады. Қазіргі кезде осындай керемет дисциплинаны жақсы көремін. Сол уақытта өте дұрыс таңдау жасадым анық айта аламын», – дейді Қазақстан жеңіл атлетикасының бүгінгі таңдағы көшбасшысы.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер