русский язык
Футбол

Виктор Кумыков : «Жеңісімізді қолдан бермейміз»

Виктор Кумыков : «Жеңісімізді қолдан бермейміз»
Кешегі тарихи жеңістен кейін қарағаңдылық «Шахтердың» бас бапкері Виктор Кумыков алдағы матчқа баратын жанкүйерлерге алғысын айтып, іріктеу кезеңге шығудын қаншылықты мүмкін екендігін жайлы сыр шертті.
 
- Мен ойын алдында айтқандай матч өте тартысты өтті. Біріншіден, біз Еуропаның маңдай алды командаларымен күш сынаса алатымызды дәлелдегіміз келді. «Селтиктен» толықтай асып түстік. Қарымта ойында не болатынын бір құдай біледі, алайда біз жеңісті қолдан жібермейміз.
 
- 2:0 есебі бізге басымдық беріп тұр ма?
 
- Жоқ. «Селтиктің» мүмкіндігі жоғары. Глазгода ойын өте қиын болады. Десек те топтық кезеңге өтудің сәті түсіп тұр.
 
- Ойын басталмай тұрып «Селтикті» «үйде» 2:0 есебімен ұтасыз десе, сенуші едіңіз бе?
 
- Небір заттарды ойлауға болады. Біз бұл кездесуге тыңғылықты дайындалдық.
 
- Жеңіске жақын қалғанын қай мезетте сездіңіз?
 
- Хижниченко гол соққан кезде, «міне жеңіс қолымызда» деген ойлар келе бастады, ең бастысы гол жібермедік. 
 
- Бүгін «Шахтер» жақсы ойын көрсетті. Бізде Еуропа дәрежесіндегі команда пайда болды деп айтуға бола ма?
 
- Ақырындап, ақырындап пайда болуда. Тер төгіп, бір орында тоқтамай еңбек етсек сондай командаға айналамыз. 
 
- Темегі шегуді ақырындап тастай беруіңізге болады. Шылым шегуді доғаруға әрекет ете бермейсіз бе?
 
- Темекіні тастауға әлі ерте. Біз әлі ешқайда шыққан жоқпыз.
 
- «Шахтер» физикалық тұрғыдан «Селтик» ойыншыларынан мықтырақ болды деп ойлайсыз ба?
 
- Жоқ. Кей кездері ғана жақсырақ көріндік..
 
- Ойынның қорытынды нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
 
-Ия, әрине.
 
- Жанкүйерлердің қолдауы қалай сезілді?
 
- Стадиондағы жанкүйер толқыны мен қолдауы арқаны қоздырды. Мен айтқан болатынмын, стадионда жанкүйерлер толы болса, біз екі есе жақсы ойнауға тырысамыз. Келген жанкүйерлердін бәрине өз алғысымды айтам. Жанкүйерлер болмаса, жеңісте болмас еді.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;