Хоккей

Алматыда хоккей әуесқойлары күш сынасты

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Halyk Arena мұз сарайында әуесқой командалар арасында АЛХЛ лигасының кездесулері өтті, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бірінші болып алаңға "Арлан" және "Николь" командалары шықты. Хоккей әуесқойлары қызықты да тартысты ойын үлгісін көрсетті. Бірінші кезеңнен-ақ, арландар басымдық танытты. Қарсыластар есепті теңестіруге тырысқанымен, үш ұпай айырмасымен жеңіліп қалды. Матч 6:3 есебімен, "Арлан" xоккейшілерінің жеңісімен мәресіне жетті.

- Ойын тең өтті деп ойлаймын. Жалпы, қарсыластарымыз бізді жеңгенімен, ойыннан жақсы әсер алдық. Олардың қорғаушылары мықты болды. Меніңше, жеңіске жету үшін шабуыл мен соққылар аз болды. Біз кәсіпқой спортшылар емес, әуесқойлармыз. Мұнда жақсы уақыт өткізіп, ойыннан ләззат алу үшін келеміз, - деп бөлісті "Николь" хоккейшісі Жансаят Жеңіс.

Екінші болып бақ сынасқан әуесқой командалары «Дикая бригада» және «Еңбек». Бұл кездесуде «Еңбек» ойыншылары басымдық танытып, алға озды. Матч 10:2 есебімен, «Еңбек» хоккейшілерінің жеңісімен аяқталды.

Атап өтсек, әуесқой командалар арасында АЛХЛ лигасының кездесулері ертең де жалғасады. Назарларыңызға 29 қазан күні өтетін ойындар кестесін ұсынамыз:

29 қазан 09:00-10:30 ХК Скорпион и ХК Номад

29 қазан 10:45-12:15 ХК Алма-Ата и ХК Беркут

29 қазан 12:30-14:00 ХК Алмаз и ХК Скиф

29 қазан 14:15-15:45 ХК Арлан и ХК Сбербанк

29 қазан 16:00-17:30 ХК Wild Brigade и ХК Rahimzhan

29 қазан 17:45-19:15 ХК Комфорт и ХК НикОль

29 қазан 19:30-21:00 ХК BI Almaty Builders и ХК Енбек

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер