Велоспорт

Астанада велоспорттан Әлем чемпионаты өтуі мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Астанаға арнайы сапармен келген Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) президенті Давид Лаппартьен Астанада велоспорттан әлем чемпионатын ертең-ақ өткізуге болатынын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанға келген Давид Лаппартьен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен және Қазақстанның велосипед спорты федерациясының президенті Дархан Калетаевпен кездесті. Жүздесу барысында Халықаралық ұйымның қазақстандық тараппен байланысы, сондай-ақ әлем, соның ішінде Азия өңірінде велоспортты дамыту жоспарлары талқыланды.

Еске сала кетсек, Д авид Лаппартьен өткен айда ғана UCI басшысы болып сайланған болатын. 45 дауыстың 37-сін иеленген ол, сол уақыттағы UCI президенті Брайан Куксонның орнын басқан болатын. Давид Лаппартьен өз бағдарламасында ұлттық федерациялармен серіктестікті нығайтып, велоспорттың дамуына барынша күш салуға ниетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер