русский язык
Футбол

АБАЙЛА ЕУРОПА, КЕНШІЛЕР КЕЛЕ ЖАТЫР

АБАЙЛА ЕУРОПА, КЕНШІЛЕР КЕЛЕ ЖАТЫР

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчында қарағандылық «Шахтер» «Селтикті» қабылдады. «Астана-Аренада» өрбіген ойын 2:0 есебімен кеншілердің пайдасына шешілді.

Қонақтар кездесуді ширақ бастады.  Алғашқы бес минутта «Селтиктің» бойшаң шабуылшылары Мокин қақпасына дамыл бермеді. Әсіресе, шотландиялықтардың стандарттары қауіп төндірді. Алайда есепті бірінші болып «Шахтер» ашты. Жерлестеріміз сол қанаттан допты ойынға қосты, алысқа лақтырылған доп қақпашылар арасынан өткен сәтте арттарынан Финонченко  шыға келді. Қарағандылықтардың капитаны бірінші голды 12-ші минутта соқты. Қонақтар бірнеше қауіпті соққымен жауап берген. Шабуылшыларының бір сәтте тепкен добы қақпа маңдайшасына тиіп сызықтан аса жаздады.

Екінші кезеңде отандастарымыз есепті еселей түсті. Соңғы кездері көркем ойынымен көзге түсіп жүрген сұрмерген Сергей Хижниченко әуелете көтерілген допты баспен ұрып Фрайзер Форстерді екінші рет қара жерге отырғызып кетті. Екі еселенген екпінмен алға ұмтылған «Селтик» ойыншылары лезде жауап қайтаруға тырысқан. Алайда сәттілік бүгін бізге жолдас болды.

Естеріңізге сала кетсек, қос команда арасындағы қарымта матч Глазго қаласындағы «Селтик-Парк» стадионында 27-ші тамыз күні өтеді.   

Чемпиондар Лигасы. Плей-офф кезеңі. «Астана-Арена»

Голдар: Финонченко, 12 (1:0); Хижниченко, 77 (2:0).

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;