Басқа

Ағайынды Емельяненколардың арасында от шықты

Ағайынды Емельяненколардың арасында от шықты
news-banner7
mobile-news-top

Танымал ресейлік спортшы Федор Емельяненко өзінің інісі Александрға ашық хат жазды.

Оны "Советский спорт" басылымы жариялаған.

Бұл хат Александр Емельяненконың сұхбатына жауап ретінде шыққан. Емельяненколардың кішісі өз сұхбатында ағасымен араласпайтынын, қарым-қатынастары нашар екенін айтқан болатын.

Федор інісінің бұл қылығына шыдай алмай, ашық хат жазуға бел буған. "Александр менің жақындарыма тіл тигізгені жүрекке шаншудай тиді. Сол себепті ашық түрде Александрға хат жазып отырмын. Біріншіден, сен үшін және маңайыңдағылар үшін мен Федя емес, Федормын. Вадим Финкельштейнге тіл тигізуің негізсіз. Ол сен үшін барын салды. Сенімен ешкім жұмыс істегісі келмеген уақытта тек осы адам ғана қолдау білдірген.

Бірінші рет 18 жасыңда түрмеге түскеніңді жасырып қалыпсың. Бірақ сол кезде салынған денеңдегі татулар мен абақтыдағы достарыңмен түскен суреттер дәлел. Сол кезде менің жанымда жүрген адамдар талай көмектесіп, қолдау білдірді, соны ұмыту барып тұрған айуандық...

... Мен туралы не айтсаң да өзің біл, барлығына да шыдаймын, бірақ менің жақындарым туралы ештеңе айтушы болма. Сен олардың тырнағына да татымайсың. Бір сұхбатыңда маған көмектесе алатының туралы айтыпсың. Түсінбеймін, сен қалай маған көмектесе аласың? Ішімдікке құмар, абақтыда түнейтін адамнан не қайыр болуы мүмкін. Бір ғана көмегің болсын - менің және ата-анамыздың тегін масқараламашы!".

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер