«Qazsport» телеарнасы волейболдан ел кубогын көрсетеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз2017 жылдың 25-31 қазан аралығында Өскеменде волейболдан қыздар командалары арасындағы Қазақстан Кубогының 19-шы қорытынды кезеңі өтеді.
Спорттық шараға еліміздің ең үздік командалары қатыспақ. Топтық кезеңде командалар екіге бөлінеді. Айта кетсек, «Алтай», «Астана», «Алма-Ата» және «Алтай-2» «А» тобында болса, «В» тобына «Ертіс-Қазхром», «Жетісу», «Қарағанды» және «Қуаныш» ойыншылары кіреді.
Еліміздегі әйелдер кубогының ең танымал клубы - «Жетісу» 8 рет жеңіске жетсе, «Рахат» командасы 7 рет жеңген болатын. Ал «Ертіс-Қазхром» еншісінде екі кубок болса, «Астана Қанат» командасы бір кубок иесі.
Көрсетілімдер кестесі:
25 қазан
11:55 «ЕРТІС-ҚАЗХРОМ» - «ҚУАНЫШ» LIVE
13:55 «ЖЕТІСУ» - «ҚАРАҒАНДЫ»
LIVE 15:55 «АЛМАТЫ» - «АСТАНА» LIVE
26 қазан
13:55 «ЕРТІС-ҚАЗХРОМ» - «ЖЕТІСУ» LIVE
22:05 «АЛТАЙ» - «АЛМАТЫ»
27 қазан
13:55 «ҚАРАҒАНДЫ» - «ЕРТІС-ҚАЗХРОМ» LIVE
17:55 «АСТАНА» - «АЛТАЙ» LIVE
29 қазан
11:55
1/4 финал. 1-ойын. LIVE 13:55
1/4 финал. 2-ойын. LIVE 15:55
1/4 финал. 3-ойын. LIVE 17:55
1/4 финал. 4-ойын. LIVE