Бокс/Күрес/ММА

Головкин мен Алварестің екінші кездесуі өтпей қалуы мүмкін

Головкин мен Алварестің екінші кездесуі өтпей қалуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Golden Boy компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мамырда Сауль Альварес пен Геннадий Головкин жұдырықтаспауы мүмкін екенін айтты.

Промоутердің сөзіне сенсек, бәрі 16 желтоқсанда Давид Лемье мен Билли Джо Сондерс кездесуіне байланысты. Егер Лемье жеңіске жетіп, орта салмақта WBO чемпионы белбеуін иеленсе, Канело мен GGG арасындағы екінші кездесу өтпей қалуы мүмкін. Бұл жағдайда Альварестің келесі қарсыласы Головкин емес, Лемье болуы ықтимал.

Ал Головкиннің бапкері Абель Санчес осы жағдай жайында ойын айтты.

«Мұндай жағдай болмайды деп үміттенемін. Жекпе-жек алдында олар Головкинді нокаутқа түсіреміз деген еді, ал енді басқаша жолмен жүргісі келеді. Олар алдымен (2016 жылы) белбеуді бере салды, енді Головкиннен қашып, Лемьеге барғысы келеді. Егер ол Головкиннің «қалдығын» жеңсе, бұл бокс үшін қайғылы жағдай болады», - деді Санчес.

Ал бұған дейін Головкин мен Канелоның екінші кездесуі 2018 жылдың мамырында өтеді деп хабарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер