русский язык
Футбол

«Кайрат» жоғарыға ұмтылуда

«Кайрат» жоғарыға ұмтылуда

Алматылық «Кайрат» ел біріншілігінің 23-ші туры аясында керекулік «Ертісті» қабылдаған. Орталық стадионда өрбіген матч 3:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасы шешілді. Айта кетер жайт, «Қайрат» ойыншылары кездесу басталмас бұрын «Эмиль, тезірек жазыл» деген жазу алып шығап, әріптесін сырттай қолдады.

Владимир Вайсс шәкірттері  бірден басымдыққа ие боп, жетінші минутта есепті ашты. Руслан Сахалбаевтың асырған пасына бірінші боп Момоду Сиссей жетіп допты Котляр үстінен асырып жіберді. Бірінші кезеңде қонақатар еш жауап қайтара алмады. Екінші таймда «Ертіс» ойыншылары тіпті қауқар көрсетпеді. Ойына келгенін істеген алматылықтар Руслан Сахалбаевтың тамаша соққысы арқасында тағы алға шықты - 2:0. 63-ші минутта сұрмерген Сиссей дубль жасап матч тағыдырын шешкендей еді.
 

Қорғаныста нашар ойнаған керекуліктер көптеген қателіктерге бой алдырды. Қақпашы Котляр тіптен сүреңсіз көрінген. Ұлықбек Бақаев бастаған жігіттер 76-шы минутта ғана жауап қайтарды. "Кайрат" шабуылшысы Сиссей бұрыштамдан ыңғайсыз көтерілген допты алып шығам деп өз қақпасына тоғытып алды.

Осы жеңістің арқасында «Қайрат» турнирлік кестеде бір саты жоғарылап төртінші орынға тұрақтады. Владимир Вайсс шәкірттерінің еншісінде 19 ұпай бар.  

Футболдан Қазастан чемпионаты. Премьер-лига. 23-ші тур.

«Қайрат» - «Ертіс» 3:1 (1:0)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;