Велоспорт

Даниил Фоминых келесі маусымды Astana Pro Team сапында өткізеді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық велошабандоз Даниил Фоминых келесі 2018 жылғы маусымды «Астана» командасының құрамында өткізеді.

- «Астана» командасымен келісімді ұзартқаныма өте қуаныштымын. Мен үшін бұл жұмысымды жалғастыру үшін керемет мүмкіндік. Келесі маусым мен үшін шешуші болады деп сенемін, қалай болғанда да сол үшін бар күшімді саламын, - деді Даниил Фоминых.

Даниил Фоминых (26 жаста) «Астана» құрамында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Биылғы жылы ол Қазақстан чемпионатында жеке сында жеңіске жеткен болатын. Былтыр «Париж-Ницце» жарысында құлап ауыр жарақат алғанына қарамастан Даниил маусымның екінші жартысында шоссеге оралды. Сондай-ақ «Астананың» құрамында «Вуэльта Бургоста» командалық жарыста жеңіске жетті.
Биылғы маусымда Фоминых ұлттық құрама қатарында Азия чемпионатында командалық жарыста алтын жүлдегер атанды. Сонымен қатар, Қазақстан чемпионатында топтық жарыста төртінші болды.

Қазір Даниил Фоминых Қытайда өтіп жатқан «Гуанси Туры» көпкүндігіне қатысуда.

- Өткен маусымда ауыр жарақаттанып, бес айда шоссеге шықпау - Даниил үшін оңай болған жоқ. Сондықтан биыл ол барынша бабына келуге тырысты. Фоминых жас шабандоз, оның жеке жүрісте және командалық жарыста жақсы потенциалы бар. Сондықтан, біз бұл шабандозға жаңа маусымда өзін көрсетуі үшін мүмкіндік берейік деп шештік, - деді «Астана» командасының бас менеджері Александр Винокуров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер