Футбол

Павлодарда драмаға толы матч болды

Павлодарда драмаға толы матч болды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 31-турында «Ертіс» пен «Ақтөбе» кездесті.

Павлодардағы матчта футболға тән барлық қызық болды.

Бірінші таймда ақтөбелік футболшылар қауіптірек ойнады. Джозеф Нейн алыстан жойқын соққы жасап, допты қақпа маңдайшасына тигізді. Кейін Томаш Шимкович пен Антон Шурыгин де жақсы мүмкіндік болған. Ал алаң иелері сапында Аслан Дарабаев жақсы соққы жасады. Бірақ командалар үзіліске дейін есеп аша алмады.

Матчтың қызығы ойынның соңына таман болды. Давид Лория допты қабылдау кезінде сәтсіз ойнап, жарақат алып қалды. Бұл кезге дейін алаң иелері үш ойыншысын да алмастырып тастаған еді. Сондықтан, қақпаға ойыншы Есімов тұрды. Ойынның соңына таман Марко Обрадович пен Карлос Фонсека қақпашымен бірге-бір шыққан, бірақ екеуі де өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады.

Тек төреші қосқан 8 минутта командалар гол алмасып үлгерді. Алдымен Шимкович қонақтарды алға шығарған, ойынның аяқталуына бір минут қалғанда Фонсека таразы басын теңестіріп кетті. Қорытынды есеп – 1:1.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер