Футбол

«Астана» «Лейпциг» пен «Спартакты» артта қалдырды

«Астана» «Лейпциг» пен «Спартакты» артта қалдырды
news-banner7
mobile-news-top

Елордалық клуб УЕФА клубтық рейтингісінде 88-ші орынға көтерілді. «Астананың» еншісінде 20,125 ұпай бар.

Осылайша, «Астана» жаңарған рейтингіде «РБ Лейпциг» (Германия), «Спартак» М (Ресей), «Ницца» (Франция), «Вест Хэм» (Англия) және «Удинезе» (Италия) сынды клубтардың алдына шықты.

Рейтингіде Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы, мадридтік «Реал» көш бастап келеді. Екінші орында «Атлетико», ал үштікті «Барселона» түйіндеп тұр.

Естеріңізге сала кетсек, «Астана» бейсенбіде израильдік «Маккаби Тель-Авив» клубын 4:0 есебімен тас-талқан етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер