Жаға ұстатты
Футбол

«Астана» еурокубокта қанша қаржы тапты

«Астана» еурокубокта қанша қаржы тапты
news-banner7
mobile-news-top

Израильдік «Маккабиді» тас-талқан еткен «Астана» қоржынын бірнеше мың еуромен толтырды.

Осы еуромаусымды Чемпиондар лигасынан бастаған «Астана» қоржынын толтырып үлгерді. Елордалық ұжым ЧЛ екінші іріктеу кезеңінде ойнағаны үшін – 320 мың еуро, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне түсе алмай қалғаны үшін 260 мың еуро алды. Сондай-ақ, УЕФА «Астанаға» Чемпиондар лигасының плэй-офф кезеңінде ұшып кеткені үшін 3 миллион, сондай-ақ, Еуропа лигасының топтық кезеңіне түскені үшін тағы 2,6 миллион еуро берді.

Ал Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Славиямен» тең түскені үшін 120 мың еуро, «Маккабиді» ұтқаны үшін 360 мың еуро алды.

Осылайша, «Астана» осы еуромаусымда 6,66 миллион еуроға байып қалды. Бірақ бұл табыстың соңы емес. Алда Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі үш матч бар. Сондай-ақ, еуромаусым соңында УЕФА клубтарға телевизиялық сатылым мен маркетингілік құқықтан қосымша қаржы береді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер