русский язык
Футбол

Өмір заңдылығы. Андрей Карпович

Өмір заңдылығы. Андрей Карпович

Кезінде мәскеулік «Динамо» сапында өнер көсетіп Ресей біріншілігінің қоласын ұтқан  Андрей Карпович жайлы «PROСПОРТ»-тың жаңа айдарынан оқып біле аласыз.

Туған отан және ұлттық құрамы жайлы

Қазақстан - менің отаным. Туған жерімді еш уақытта ұмытқан емеспін, өйткені мен мұнда туып өстім. Кей кездері жасыл алаңда қалағанымдай ойын көрсете алмай жатам, сонда да жасымай бар күшімді салып бұрынғыдан екі есе талпыныспен дайындаламын. Әйтпесе ұлттық құрама сапына шақырту ала алмаймын.

Жаттығулардың маңызы туралы

Жаттығуларда өте белсеңді дайындаламын. Бапкердің нұсқаулырын ылғи шын ниетпен орындап клубтастарыма да осы қасиетімді сіңіремін.

Төрешілер жайлы

Біздің құрама футбол санатында «ергежейлі» елдер қатырында. Сол себепті олардың бізге деген көзқарасы да сәйкесінше. Дегенмен, төрешілер де - адам. Кейде қателіктерге бой алдырып жатады. Ол да кешірімді.

Жеңістер мен жетістіктер турасында

Жақсы ойыншының басты қасиеті - шыдамдылығы, кез келген жағдайда салиқалы шешім қабылдап қиындықты оңайлықпен өткере білуде. Бірақ, кейбір ойындарды тіпті еске де алғың келмейді.

Футболдың зиянды жағы туралы

"Астана Аренадағы" жасанды алаңында жарақат алу оңай деген әңгімелерді көп естідім. Былайша алып қарасаң, футболдың адам ағзасына еш пайдасы жоқ. Әрине, ойнаған жақсы, алайда әлемнің озық еллдері синтетикалық газонда доп теуіп жүр. Онда тұрған ештеңке жоқ.

Достар хақында

Самат Смақов пен Нұрбол Жұмаскалиевтің жаратылысы елден ерек. Кәсіби тұрғыдан да адамгершілік жағынан да бойларынан мін таппайсың. Ұлттық құрамаға шақыру шақырмауын бапкердің өзі ғана шешеді.

Шторк туралы

Шторк жаттықтырған кезде ұлттық құрама аз да болса алға жылжыды керемет нәтиже көрсетпесе де.

Фах туралы

Хольгер Фах қызық адам. Футболды жақсы көретіні рас. Ол жайлы көп нәрсе айтуға болады. Бірақ сонда да жұмбақ күйінде қала берсін. Оның қол астында жаттыққандар түсінеді нені меңзеп тұрғанымды.

Жауапкершілік жайлы

Көрсетіп жүрген нәтижелерге барлығы жауап береді: Басшылық, бапкерлер құрамы, және ойыншылар.

Шеберлікпен, жас туралы

Неғұрлым жасың ұлғайған сайын, соғұрлым ынталы жұмыс істеу керек. Біздің еліміздегі футболшыларға екі есе көп еңбектену керек. Шындықты бетке салсам бізде нағыз мықты футбол шеберлері санаулы. Қалғандары еңбектің арқасында әншейін жан баққандар.

Басшылықтың кінәраттары жайлы

"Тобылмен" болған оқиғаны еске алғым келмейді... Басында қол алысып, артынша сөзден таятындарды түсінбеймін. Ісіне қарап күлкім келеді.

«Ордабасының» қызығушылығы жайында

«Ордабасы» тарапынан нақты адамдар қызығушылық танытты. Трансфер жылдам және жоғары деңгейде өтті. Қазіргі мақсатым - адал еңбек етіп жемісін көру.

Пайперс жайлы

Арно Пайперс жайдарлы кісі, ақылдасқанда таптырмайдын сенімді адам.

Тәжиребелі ойыншылар туралы  

Самат секілді мықты шеберлер ұлттық құрамадағы карьерасын әдемі аяқатайды. Дегенмен тәжірибелі ойыншыларсыз құраманы елестету қиын. Себебі жас ойыншыларға бой түзейтін ешкім болмаса арнасын таба алмай адасып қалуы мүмкін.

«Кайраттың» менеджментті жайлы

«Кайрат» кез келген нәрседен мейрам жасауға құмар екені көзге ұрады. Елдегі алаңдар мәсілесіне келетін болсақ, халықаралық талаптарға сай жалғыз стадионымыз бар. Ол алматыдағы «орталық алаң». Басқаларын салыстыруға келмейді.

Көркемдік хақында

Теп-тегіс алаңда әлсіз командада жеңіске жете алады. Кедір-бұдыр жерде «Барселона» да дұрыс өнер көрсете алмайды. Премьер-лигамызды ерте бастаймыз деп ойын көркемдігін жоғалтып алуымыз мүмкін.

«Бетке ұстар» жайлы

«Қайратқа» қарсы ойындар мен үшін, айрықша маңызды емес. Иә, өзім де бір кездері «Кайраттың» намысын қорғап қаланың рухына бөленгем. Сондықтан команданың әр қадамын бақылап отырамын.

Адалдық жайлы

Қазіргі таңда мен «Ордабасыда» өнер көрсетемін, сондықтан барлық есіл-дертім клуб тағдырымен, болашағымен байланысты.

РПЛ жайлы

Қазақстан біріншілігін бірнеше рет ұтқаныма қарамастан, ең биік жетістігім деп Ресей премьер-лигасының қола медалі деп есептеймін. Мигель Данни «Зенит» сапына ауысқан соң бізге қиын болды. Соған қарамастан орны толмайтын ойыншы жоқ екенін нәтижемен дәлелдедік.

Мақсаттар туралы

Бірден биікке көтеруліге болмайды, мақсатқа жету үшін асықпай қадам басу керек. Сүрініп қалсаң қайта тұру қиын.

Кержаков жайлы

Кержаков - мықты ойыншы, қарапайым тұлға. Футболшы ретінде қызуқанды шығар, жас жігіттерге қаны қайнағанда айқайлап жіберуі мүмкін. Себебі де түсінікті - жеңілгенді ұнатпайды. Бірақ бұл тек футбол аясында.

Жаңкүйерлер туралы

Лев Яшинді балағаттаған плакатты көрген кезде жүрегім аурып қанып басыма шапты. Мұндай қадамға тек түсінігі таяз, есі алаң адамдар ғана баруы мүмкін. Өздерін жанкүйер десе қатты қателеседі.

Жанұя жайлы

Менде бос уақыт мүлдем жоқ. Болса бірден Мәскеуге жаңұяма ұшамын.Кафе, ресторандарды аралап кино көргенді ұнатамыз.

Ұл туралы

Ұлым хоккейлік «Динамо» клубында жатығады. Өскенде мықты хоккейші болатын шығар деген сенімдемін. Баламның жолы менікінінде ұзақ болсын деп шын жүректен тілеймін.

Шылымның зияны туралы

Бізде мынадай бір оқиға болды, «Динамо» ойыншысы Уилкшир матч біткен соң киім ауыстыратын жерде темекі шеге бастады. Ешқандай дау болған жоқ. Жай ғана бөлмеден шығып шегуді сұрады. Себебі спорттық нысанда шылым шегуге тиым салынған. Темекі спортшының дене әлеуетіне әсер етпесе мұнда тұрған ештеңе жоқ.

Сайттардағы пікірлер туралы

Футбол - менің өмірім. Сайттардағы пікірлерге көңіл бөлмеймін. Алайда ойынға жан-тәніммен берілгендіктен жаңалықтарды аңдып отырамын. Шарықтап келе жатқан «Манчестер Сити», «Анжи» секілді командалардың әр қадамы мен үшін қызық.

Дайындаған: Марк ШПИЛЬМАН

Аударған: Қайсар ОҚАСОВ

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;