Волейбол

Алматыда студенттер арасында волейболдан жарыс өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Қазанның 22-і күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Алматы қаласының студенттері арасында волейболдан жарыс өтеді.

Бұл жарыс №146-ші жалпы білім беру мектебінде (Гагарин көшесі-331) барлық стандарттарға сәйкес ұлдар және қыздар арасында өткізіледі.

Әуе доп додасына тек Алматы қаласының ЖОО-ның 8 ойыншыдан тұратың командалары ғана қатысуғамүмкіндік алады.Жас айырмашылықтары шектеусіз.

Жарыстың ашылу салтанаты 10:00-де басталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар және медалдар табысталады.

Бұл Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтетін іс-шараның басты мақсаты волейбол ойынымен қаладағы бұқаралық спорт түрлерің дамыту, жастар арасындағы үздік ұжымды анықтап, олардың арасындағы қарым-қатынасты арттыру болып табылады.

«Спорттық Алматы» бағдаламасы алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Айта кетер жайт, бұл бағдарламаның аясында ЖОО студенттері арасында жеңіл атлетика, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ және баскетбол спорт түрлерінен осы жылдың басында жарыстар ұйымдастырылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер